Асыл аналар


«Аллаһ елшісінің қызы мен Аллаһтың дұшпанының қызы



Pdf көрінісі
бет134/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   200
Asyl-analar

«Аллаһ елшісінің қызы мен Аллаһтың дұшпанының қызы 
бір еркектің некесінде болуы мүмкін емес», – деген
1
.
Бұдан кейін Әли қайта үйленуге ниет танытпай, өмірінің 
соңына дейін Фатима оның жалғыз әйелі болып қалады. Әли өзге 
әйелдеріне Фатима дүниеден өткеннен кейін ғана үйленген. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірден өтер шағында Фатима әкесін 
зиярат етіп келген-ді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны жанына шақырып, 
құлағына бірдеңе дейді. Мұны естіген Фатима көз жасына ерік 
беріп жылай бастайды. Жылағанын көрген Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) оны жанына қайта шақырып, құлағына тағы да сыбырлап 
бірдеңе айтады. Мұны естіген қызының жүзіне күлкі үйіріліп 
1
Әл-Бұхари, Фадаил асхабин-нәби: 12; Муслим, Фадаил әс-сахаба: 93 
және басқалар. 


171
 
 
шаттыққа бөленді. Фатима Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алдынан 
шыққаннан кейін оған Айша анамыз ілесе шығып:
«Не үшін жылап, неге күлдің?» – деп сұрағанда, ол:
«Мен Пайғамбардың сырын жая алмаймын», – деп жауап 
береді. Яғни Пайғамбар (с.а.с.) сендердің естулеріңді қалағанда, 
мұны құпия қылып айтпас еді дегенді меңзейді. Бірақ кейін 
Пайғамбар (с.а.с.) көз жұмған соң, бұл құпияны Айшаға айтып 
берген. Фатима: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) алғаш рет құлағыма 
сыбырлағанда:
«Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) әр жылы маған Құранды 
басынан аяғына дейін бір рет қайталататын, ал бұл жылы 
екі рет қайталатты. Осыған қарағанда, менің өлім сәтім 
таяды-ау», – деді. Мен мұны естіп жыладым. Аллаһ елшісі 
(с.а.с.) менің жылағанымды көріп, маған қайтадан сыбырлап:
«Отбасымның ішінде бірінші боп маған жолығатын 
сенсің», – деді. Мұны естіп, мен қуанғанымнан күлдім», – деген. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Әли мен Фатимаға, Хасан мен 
Хусейнге қарап:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет