ФАТИМА ЗАҺРА
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН)
«Фатима менің бір бөлшегім: мен оданмын, ал ол менен».
Фатима – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кенже қызы еді. Оның
дәрежесін көптеген хадис айшықтап көрсеткен. Сол хадистердің
бірінде айтылғандай, адамзат тарихында кемел дәрежеге ие
болған төрт әйел бар. Олар – Мәриям Имранқызы, Хадиша
Хуайлидқызы, Әсия Музахимқызы және Фатима Мұхаммедқызы.
Фатима – Ислам тарихындағы дара тұлғалы әйелдердің бірегейі,
бүкіл Ислам үмбеті үшін қайталанбас үлгі-өнеге.
Ол Аллаһ елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық міндет жүктелуден
бес жыл бұрын дүниеге келген. Кішкентайынан пайғамбарлық
тәрбиеде ислами көркем қасиеттерді бойына сіңіріп өскен.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны қатты жақсы көретін және осы
қызының кескін-келбеті, іс-әрекеті, жүріс-тұрысы, сөз саптауы
мен дауыс ырғағы өзіне (с.а.с.) айнымай ұқсайтын.
Бойжеткен Фатимаға айттырушылар үздіксіз келіп жататын.
Тіпті оған Әбу Бәкір мен Омар (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) да
ниет білдірген. Алайда Пайғамбарымыз (с.а.с.) олардың
ешқайсысына ыңғай танытпай, айттырып келушілерді сыпайы
түрде шығарып салып отыратын. Сондай-ақ бұл қызда Әлидің де
(Аллаһ оған разы болсын) ойы бар еді. Бірақ Әлидің кедейлігі
соншалық, қалыңмалға ұсынатын соқыр тиыны да жоқ еді. Сол
себепті Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, бұл жайлы сөйлесуге
жүрегі дауаламай жүреді. Ақыр соңында бір күні адамдардың
кеу-кеулеуімен Пайғамбарымызға (с.а.с.) Фатиманы айттырмақ
боп келеді. Келуін келгенмен, рұқсат сұрап Аллаһ елшісінің
алдына кіргенде, оны Пайғамбардың (с.а.с.) мысы басып, келген
шаруасы жайлы дәнеңе деп тіс жара алмайды. Біраз үнсіздіктен
кейін барып Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі әңгіме бастап:
«Фатиманы айттыруға келдің бе?» – деп сұрайды. Әли:
167
Достарыңызбен бөлісу: |