Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет132/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   200
Asyl-analar

 
 
«Аллаһ сенің жүрегіңнен мейірімді алып қойса, қайтейін?!» 
– деген жауап қайтарған. Дәл осы жағдайдың куәсі болған Ақрағ 
ибн Хабис:
«Менің он балам бар, ешбірін өмірімде сүйген емеспін», – 
дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған жымиып:
«Кім мейірім көрсетпесе, мейірім көрмейді», – деген
1

Бурайдадан (Аллаһ оған разы болсын) мынадай хадис 
келтіріледі: Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір күні жұма намазында құтпа 
оқып тұр еді. Сол кезде бірдей қызыл көйлек киген Хасан мен 
Хусейн апырақ-тапырақ басып мешітке кірді. Олардың енді ғана 
тәй-тәй 
басып жүрген 
кездері 
болатын, 
еркін жүре 
алмағандықтан, аяқтары бір-біріне шалынысатын. Оларға көзі 
түскен Пайғамбарымыз (с.а.с.) орнынан тұрып келіп, екеуін 
құшағына алды, қайта мінберге шығып жайғасып, екеуін екі 
тізесіне отырғызды да:
«Аллаһ «Сендердің мал-дүниелерің мен бала-шағаларың 
алдамшы»
2
деп рас айтқан. Мен мына екеуінің шалынысып 
келе жатқандарын көріп шыдай алмай сөзімді үзіп, мінберден 
түсіп, екеуін көтеріп алдым», – деді
3

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Хусейнді жақсы көргені сондай
оны ернінен сүйетін. Кейін Хусейн өлтірілгенде, сахабалардың 
бірі:
«Мен мына ерінді Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қаншама рет 
сүйгенінің куәсі болдым ғой!» – деген. 
Фатима Ислам үмбеті үшін осындай ұлдар тәрбиелеп берген 
ана болатын. Оларға ілім, ғибадат, әдеп-ахлақ, дін, күрес, сөз 
өнерін, әдебиет пен поэзияны сіңірген. Хасан мен Хусейнге 
қараған жан Фатима сынды ұлы тұлғалы әйелдің берген тәліміне 
көз жеткізеді.
1
Әл-Бұхари, Әдәб: 18; Муслим, Фадаил: 65. 
2
«Әнфәл» сүресі, 28-аят. 
3
Ән-Нәсәи, Жұма: 30. 


169


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет