173
ӘСМӘ ӘБУ БӘКІРҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ӘКЕСІ ЕКЕУІНЕ РАЗЫ БОЛСЫН)
«Туылған кезде оны Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабалары
бастарына көтере тәкбір айтып қуанған еді. Аллаһтың атымен
ант етемін! Ол туылған кезде тәкбір айтқандар ол өлген кезде
тәкбір айтқандардан әлдеқайда артық. Бұл шабандоздың енді
жерге түсетін уақыты болған шығар».
Әсмә – Әбу Бәкір Сыддықтың (Аллаһ ол екеуіне разы болсын)
Қутайла деген әйелінен көрген қызы. Ал Айша Умму Руман
деген әйелінен туылған. Әсмә Айшадан он төрт жастай үлкен еді.
Риуаяттар бойынша, Әсмә он жетінші болып иман келтірген. Әбу
Бәкір Қутайладан тағы бір Абдуллаһ атты ұл көрген.
Әбу Бәкір
мен Кутайланың дәм-тұздары жараспай айырылысып кеткен.
Қутайла иман келтірмей ширкте қалып қойған-ды. Ал Әсмә
ақылды да салиқалы Умму Руманның тәрбиесінде бойжетіп, осы
бір өнегелі отбасының тәлімін алады. Ол Исламның алғашқы
кезеңдеріндегі құрайыш озбырларының
әкесіне көрсеткен
зұлымдықтарының куәсі болады.
Әсмә қоныс аударудың алдында мұсылман батырларының
бірі, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) немере әпкесі Сафияның (Аллаһ
оған разы болсын) ұлы, Хадиша анамыздың жиені – Зубәйр ибн
Аууаммен (Аллаһ оған разы болсын) тұрмыс құрған. Зубәйрдің
әкесі Аууам – Хадишаның ағасы.
Көп ұзамай Исламға жаңа
қоныс болғалы тұрған Мәдина қаласына қоныс аудару басталады.
Қоныс аударушылардың қатарында Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен
Әсмәнің әкесі Әбу Бәкір де бар еді. Бұл оқиғаны Әсмә еске ала
отырып:
«Пайғамбарымыз (с.а.с.) біздің үйге тосын уақытта кіріп
келді», – дейді. Бұл кезде Әбу Бәкірдің үйінде екі қызы Әсмә мен
Айша ғана отырған-ды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Бәкірге: