Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет137/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   200
Asyl-analar

 
 
хабарлап, Әсмә азық-ауқат апарып тұрады. Әсмә мен Абдуллаһ 
хабар мен азық-ауқат жеткізіп кеткеннен кейін іздерін өшіріп 
отыруды бір қойшыға тапсырған-ды. Қойшы олардың арттарынан 
қойларын айдап өтіп іздерін өшіретін. Бір күні Әсмә үңгірде 
отырған Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен әкесіне ас-ауқат алып шығады. 
Жолда түйіншегінің ауырлығынан қолы талғандықтан, беліндегі 
белбеуін шешіп, екіге бөледі де, оның бірімен қайта буынып, 
екінші бөлігімен түйіншекті байлап асынып алады. Осы үшін ол 
Қос белбеудің иесі деген лақап атты иеленеді. 
Әбу Бәкір Мәдинаға жеткен соң, біраз уақыттан кейін Меккеде 
қалған қыздарын адам жіберіп алдыртады. Бұл кезде Әсмәнің 
айы-күні жетіп отыр еді. Олар Мәдинаға барған тұста 
мұсылмандар бүлік іспеттес бір жағдайға тап келеді. Өйткені 
мәдиналық яһудилер:
«Біз 
мұсылмандарды 
перзенттері 
тұрмайтын 
қылып 
сиқырладық», – деген қауесет таратқан-ды. Мұның үстіне, іс 
жүзінде де мұсылмандар Мәдинаға қоныс аударғалы төрт айдан 
бері дүниеге келген нәрестелердің барлығы шетінеп, өлі туылып 
жатады. Кейбір мұсылмандар бұл жайттан қатты тіксініп қалған 
еді. Әсмәнің да толғағы дәл Мәдинаға келгенде басталады. 
Туылар бала тірі бола ма, әлде өлі түсе ме деген оймен көп адам 
осы сәтті бағумен жүрген-ді. Дүниеге келген нәрестенің тірі 
туылғанын білген мұсылмандар естері шыға қуанып, сәбиді 
жөргекке салып, бастарына көтере:
«Лә иләһә иллаллаһ, Аллаһу әкбар», – деп дауыстап, яһудилерге 
көз қылып, Мәдинаның көшелерін аралап жүгіреді. Мысы 
басылған яһудилердің аузына құм құйылып, жер шұқылап 
қалады. Мұсылмандарға қуаныш сыйлаған Әсмәнің ұлын 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қолына алып құшырлана иіскеп, құрма 
шайнап оның таңдайын сылайды және оны Абдуллаһ деп атайды. 
Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жас нәресте туылғанда жасаған 
сүннеті еді. Әсмә осылайша қоныс аударғалы бері мұсылмандар 
арасында туған алғашқы нәрестенің анасы атанады. 


176


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет