24
Фатиманың тұрпатын да көп көрдi-ау, -
деп, тулай түрегелгенiмен аздан кейiн-ақ:
1991 жылы «Жазушы» баспасынан Есенғали Раушановтың «Ғайша бибi»
атты жыр жинағы жарық көрдi. Жинаққа ақынның жүзден аса өлеңi, «Қызық
емес оқиға» атты балладасы мен «Ғайша бибi» атты поэмасы ендi.
Зерттеу
нысанымызға алынып отырған поэма жаңа кiтаптың ең елеулi жаңалығы
болды. Аталмыш жинақ ақынды қазақ поэзиясының классигi тұғырына берiк
орнықтырған топтама болды деуге негiз бар. Есенғали Раушановтың ешкiмге
ұқсамайтын ерекше әлемi, қайталанбас қолтаңбасы бiржола айқындалып,
айшықты жыры қазақ өлеңiнiң қазынасын молайтқан олжалы кезеңi осы тұс
болатын.
Ендеше, «Ғайша бибi» поэмасының идеялық мазмұны мен көркемдiгiне
тоқталайық.
Ақын санасында сан жылдар қорытылып келген күрделi де кең өрiстi
поэманы Е.Раушанов шығармашылығының шоқтығы биiк туындысы деуге
негiз бар. Бiз негiзгi талдау назарына алғалы
отырған аталмыш дастанның
автор тарапынан да ерекше бағаланатынын оның атауын жыр жинағына
еншiлеткенiнен байқауға болады.
Поэма жайлы ой өрбiтпес бұрын шығармашылық психологиясына,
шығарманы қабылдау мәселелерiне байланысты мынадай жайттарды еске
салуды жөн көрiп отырмыз. Автордың көзқарасы, өмiрлiк тәжiрибесi,
оқырманға
айтар ойы, сезiну тереңдiгi, пайымдау-таразылау қабiлетi – бiр
сөзбен айтқанда, шығармашылық тұлға ретiндегi бiиiм-болмысы өз
туындысы арқылы танылады. Автордың субъективтi идеясы оның ой мен
сезiмнiң жемiсi болып табылатын шығармасында көрiнiс табады. Дегенмен
туындыны тұтынатын оқырманның парасат-сезiм
деңгейi бiркелкi емес,
қанша оқырман бар болса, сонша түрлi қабылдау бар. Қабылдаулардың
қиыспай жатуы - қалыпты жағдай. Автор идеясы – субъективтi идея болса,
туындыны қабылдаудан туған оқырман идеясы объективтi идея болып
табылады. Оқырман мен автордың екi бөлек дүниетаным, болмыс, көзқарас
иесi екендiгiн ескерсек, субъективтi идея мен объективтi идеяның да бiр-
бiрiмен қабыса бермеуi заңды. Шығармашылық зертханасын зерттеушi тұлға
да ең алдымен оқырман болып табылады.
Қабылдау ерекшелiгiнен
туындайтын жоғарыдағы жағдайлар оған да тән. Көрнектi ақын Жұбан
Молдағалиевтiң: «Кедей ақынға жақсы десiн, жаман десiн, үш ұйықтаса
түсiне кiрмеген нәрсенi танып қоятыны бар. Дарынсызды дәрiптеп, жақсыдан
жамандық iздейтiндер де жоқ емес. Асылы, өлең сынына ақындар өздерi де
атсалысып, әдiл төрелiгiн айтып отыруы керек», - деген тұжырымы осындай
жайттарды ескеруден туған. Зерттеушiлерге қиындық тудыратын тағы бiр
мәселе – «Бiздiң қазақ қаламгерлерi өз шығармашылық
ұясын көпшiлiкке
таныстыруға келгенде елгезек емес. Осыдан барып оқырман талай тәлiмнен
қағылады әрi қаламгердiң өзi де ұтылады». Айтылған жайттарды қорыта
келгенде, бiздiң зерттеулерiмiздiң де субъективтi сипаты басым болуы, ақын
шығармаларының тамыр соғысын тап басып тани алмаған мүлт кетулердiң
кездесуi мүмкiн екендiгiн жоққа шығармаймыз. Е.Раушановтың «Ғайша
25
бибi» поэмасын бiр ғана қырынан – көне түркiлiк әдеби жәдiгерлiктермен
сабақтастығы тұрмысынан ғана талдап – таразылауға мүдделi ғылыми
жұмыста белгiлi бiр дәрежеде шектеушiлiктiң де болуы заңды.
Әдеби туындыны талдаудың сыртқы композиция элементтерiн
саралаудан басталуы орынды. Жанрын өз тарапынан «поэма» деп белгiлеген
иуындысына автор «Ғайша бибi» де пат қойыпты.
Аты аңызға айналған
ғашықтар пiрiнiң ел жадында да, тарих деректерiнде де «Айша бибi»
есiмiмен сақталғаны белгiлi. Автор түбiрi араптық «Айша» есiмiн ұлттық
ұғымға жақындатып, қазақы дыбыстау жүйесiне бейiмдеп, «Ғайша бибi» етiп
алған секiлдi. Ертеректегi қазақ әйелдерiнде тазка түбiрлiк күйiндегi «Айша»
есiмiнен гөрi «Қайша», «Ғайша» деген аттар жиiрек кездесiп отырған. Әрi
«
Ғайша» есiмiнiң дыбысталуының өзiнде поэтикалық реңк бар. Бұған
әдебиетiмiздегi «Ғайша» есiмiмен сомдалған аяулы жарлар бейнесi
(С.Көбеев, М.Шаханов шығармашылығын еске алыңыз) арқылы қалыптасқан
ассоциацияның да әсер ететiнi анық. Екiншi жағынан, көркем шығармадағы
оқиғалар тарихы дәуiр шындығын қаз қалпында бейнелеуi шарт
болмағандықтан, автордың Айша бибi есiмiн
көркемдiк шешiм ретiнде
өзгертiп алу мүмкiн. Қай тұрғыдан келгенде де ақынның ел құлағына сiңiстi
есiмнiң дағдылы қолданылысына мақсатты өзгерту енгiзiп отырғаны айқын.
Поэма эпиграфы ретiнде алынған «Дiлiм - қанағат, дiнiм – табиғат»
деген ой-түйiндi «Түркi мақалы» деп көрсетедi автор. Көне түркiлiк
дүниетаным ерекшелiктерiн саралай отырып, автор шығарманың айтар ойын
осындай қалыпқа құйып берудi жөн көрген секiлдi. Өйткенi, «Дiлiм -
қанағат» ұғымы түркiлердiң түп санасына әзелден ұялағанымен, «Дiлiм –
табиғат» тұжырымы тарихи-әдеби мұраларда осы таза күйiнде кездесе
қоймаса керек. Байырғы бабаларымыз тұтынған Тәңiрлiк дiннiң табиғатпен
етене жақын екендiгi даусыз, дегенмен жоғарыда келтiрiлген ой қалыбы, сөз
саптау мәнерi бүгiнгi шығармашылық сананың жемiсiне көбiрек келiңкiрейдi.
Поэманың кiрiспе бөлiмiн ақын «Тiзгiн қағар» деп атапты. Автордың бұл
ретте көнеден жеткен, ұлттық уыз дарыған
ұғымдарға ұйып отырғаны
аңғарылады. «Мақал бар: «Түбiм – түркi, түлiгiм жылқы», Ал тарттық сол
түркiден көштi берi» деп, шығармада баяндалатын оқиғаның қай кезеңнен
бастау аларын ақын «тiзгiн қағарда» аңдатады. Дегенмен, «Ғайша бибi»
поэмасының сюжетi - қағанат тарихының көркем көшiрмесi емес, сол дәуiрге
тән атрибуттарды негiзге ала отырып, шартты уақыт пен шартты кеңiстiкте
ұйымдастырылған оқиғалардың - ақынның көркемдiк қиялы мен
шығармашылық iзденiстерiнiң жемiсi. Уақыт аралығы ұзаған сайын тарихи
дәуiрдiң табиғи бейнесiн тап басып танытудың қиындай беретiнi белгiлi.
«Түркi кiм? Бiзге дерек жетпедi нақ» Дей отырып, ақын суреттеген айбыны
асып, байлығы тасыған
қанағаттың басынан құс ұшпаған, атағынан ат
үрiккен дүбiрлi дәуренi өз кезеңiне лайық бояу-нақышымен
өрнектелгендiктен, көркем шындық көрiнiсi ретiнде көңiлге бiрден ұялайды:
Достарыңызбен бөлісу: