Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет20/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84
qazrg adebi protsess

– 
Мұратбек Оспанов. Ақынның шығармашылығы азаматтық лирикадан 
тұрады. Бұл ретте тәуелсiз жас мемлекетiмiздiң түйткiлдi мәселелерi сөз 
болады. Оның «Сандықтас», «Сүмбiле», «Дүние дидар», «Жырұйық» атты 
жыр жинақтары ақынның қоғамдық шаруаға деген қағылездiгi, заман 
ауысқанда адамның жан-жүйесiндегi өзгерiстердi тамыршыдай тап басып
жыр тiлiне аударудағы ысылған шеберлiгi қызықтырады, жастық жiгерi 
сүйсiнтедi.
Кiрпiгiнашып тырысқан шыңның, 
Уыздай таңда уыстап күлдiм. 
Тыртығын жамап трактор жыртқан, 
Тың далам жатыр тыныстап, шiркiн!
Бұл шумақта Тәуелсiздiктiң шуағына шомылумен бiрге кешегi кеңестiк 
дәуiрдiң келеңсiздiгi де қамтылған.
Мұратбек Оспанов жан-жақты толысқан ақын. Елiне деген махаббат 
сезiмi таңғы шықтай таза, тұнық тұмадай мөлдiр. Ендеше: 
…Өлеңiм жүрегiңе жетер бәлкiм, 


38 

Өткiзсең көңiлiңнiң кеденiнен!деп өзi жазғанындай
«Жырұйық» жинағын көңiл «кеденiнен» өткiзiп, «Тәуелсiз елiнiң кеңiстiгiн 
Асан қайғыдай кезiп, жыр ұйығын табатындығына сенемiз.
Өлең деген 
Бiлесiңдер, менiң сырлас достарым, 
Өмiр өтiп бара жатыр қас-қағым. 
Өлең деген жалғыз түйiр дән едiм, 
Қауызымды ендi жара бастадым. 
Күннен жылу, жерден ылғал алдым да
Қан жүгiрдi тарам-тарам тамырға. 
Айналамды ырысыммен асырап, 
Айналармын көкорайлы шалғынға. 
Қарамай-ақ, жалаңаяқ күнiме, 
Жалғанамын бұлбұл құстың тiлiне. 
Тiрегiм мың сендер қоршап тұрғанда, 
Жүрегiмнiң бойласаңдар түбiне. 
Ат басындай алтын да бар, маржан бар, 
Жайым жоқ қой жайдақ тартып арзандар. 
Сара жол бар соқпағында санамның, 
Салып кеткен ұлы Абай мен Мағжандар. 
Төрт құбылам теңелгендей бҮгiн де, 
Құлақ түрем поэзия – дүбiрге. 
Қадыр менен Тұманбай жүр жанымда, 
Фариза мен Жәркен де бар үнiмде. 
Отыз өттi ойын-тойды қуалап, 
Қырық келiп қысып жатыр сұрақ ап. 
Ойларымның күзетiп тұр есiгiн, 
Ұлықбек пен есенғали тұра қап. 
Өзiнiң әдемi ой-өрнегiмен поэзиямызға үзбей ат салысып келе жатқан 
ақынымыздың бiрi – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет