Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет28/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84
qazrg adebi protsess

Қадыр Мырзалиевтың «Қызыл кітап» поэмасы. 
Немқұрайды қарау ма, әлде тоғышарлық, тайыздық па,-себебі көп, 
әйтеуір, әр түрлі жағдай, әрқилы әрекеттердің салдарынан айналадағы 
табиғат әлемінің шеккен зардабы ұшан-теңіз. Міне, сол ащы шындықты ақын 
Қ.Мырзалиев поэмасында әрі нақтылы, әрі жинақтай топшылай отырып 
толғайды. 
Хайуанатқа жасаған қиянатың- 
Бауырыңа жасаған опасыздық!- 
деп ашына тебіренеді ақын. 
Бәрі-бәрі олардың қырылыпты, 
Біздер мына-бүгінде тірі, мықты. 
Мамонттарды жоқтауға тиісті адам, 
Жоқтар болса түбінде ірілікті,- 
деп қадым заманда із-түссіз құрып кеткен аңдарды елжірей еске алады. 
Талай-талай аңдарды аяусыз апатқа ұшыратқан адамзат қауымының 
қатыгездігіне, қателігіне талдау жасайды. Сол ауыр-ауыр қателіктерден 
түйінді сабақ алып, оны енді қайталамауға бір дауыспен жар салады. 
Табиғатты аямау, оны бүлдіру адамдарға жасаған опасыздықпен бірдей 
екені де поэмада айқын көрініс беріп отырады. Әсіресе, гитлершіл 
фашистердің, немесе қазіргі ақшақұмар тоғышарлардың табиғатқа қарсы 
тағылық, жыртқыштық, әрекеттерін әшкерелеген поэма жолдары өткір, 
мірдің оғындай атылып, нысанасына дәл тиіп жатыр. 
Отаршыл жыртқыштардың әлсіз аз ұлттарды жаншып, құртып 
жіберетінін ақын айбарлы ашу-ызамен, ашына айыптайды. Поэманың: 
Кімде, кінә, бауырым, 
Кімдерде айып?! 
Кімдер одан сорлады, 
Кімдер байып?! 
Хайуанаттар түгілі 
Дүниеде 
Ұлттар ғайып болыпты, 
Тілдер ғайып!- 


52 
деген жолдары тек өткеннің ғана емес, қазір де аз ұлттарды жұтып қоюға 
дап-дайын боп, аранын ашып отырған шовинист- империалистерге айтылған 
қарғыс даусындай, азаттыққа ұмтылған ұлттардың жауынгерлік жігерлі 
ұранындай естіледі. 
«Қызыл кітап» поэмасының идеялық мазмұны терең. Ол адалдықты 
жоғалтпай сақтап, ізгі гуманистік қасиетке ұмтылдыратын туынды. 
Зорлыққа, зомбылыққа, әділетсіздікке, теңсіздікке қарсы, әсіресе, 
халықаралық империализмнің отаршылдық жауыз саясатына қарсы әрбір 
адал ниетті азаматты белсенді күреске шақыратын дастан. Бұндай 
шығармалардың жалын атқан идеясы көкірегі ояу әр адамның жүрегіне жол 
тауып, күрескерлікке, биік гуманизмге, патриоттыққа, ешбір ұлтты 
алаламайтын интернационализм рухында тәрбиелейтініне шүбә жоқ. «Қызыл 
кітап» поэмасының идеялық, саяси мәнінің құндылығы да осында. 
Соңғы жылдарда қазақ поэмаларының идеялық мазмұны тереңдеп, 
көркемдік сапасы жақсара түсті… Ақырында поэма жанрының дәстүрлі 
мүмкіндіктерін молынан пайдаланумен қатар, соны, көркем ізденістер жасау 
жолында да батыл барлау жасалды. 
Кейінгі жылдардағы қазақ ақындары поэмаларының басым көпшілігін 
өз замандастарының өмірін бейнелеуге арналды. Бұл эпикалық поэзиядағы 
заңды құбылыс. 
Қазіргі тақырыпқа жазылған поэмалар арасында жұртшылық назарын 
аударған Қ.Бекхожиннің «Тұрлаулы тағдыр», Т.Жароковтың «Тасқынға 
тосқын», М.Әлімбаевтың «Құрыш қазақ», А.Шамкеновтың «Жайлау таңы», 
Ғ.Қайырбековтың «Жер астындағы жұлдыздар», Қ.Мұқышевтың «Өкініш», 
З.Шүкіровтың «Аня», Қ.Ыдырысовтың «Әке жолы», т.б. поэмаларда соны 
сюжет, жаңа көркемдік бояулармен ұлттық поэзияның бейнелеу арсеналы 
молыға түсті. Бұл тұста қазақтың эпик ақындары өз замандастарының кең 
тынысты жарқын өмірін жырлау жолында поэма жанрының 
мүмкіншіліктерін мейлінше толықтырып, өздерінің ақындық шеберліктерін 
жетілдіре түсуге күш жұмсады. 
Замандастар туралы жазылған елеулі туындының бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет