43
Бiр Түркiстан
бәрiбiр керек бiзге, - дегендi айтады. Тарихтың,
қоғамның алдындағы үлкен жауапкершiлiктi
сезiнген көзi қырағы, жүрегi
нәзiк ақын ғана осындай поэтикалық қорытынды жасай бiлсе керек.
Он сегiз мың ғаламның iшiнен бөлiп алып, туған жердiң суретiн салу -
төрт тұяғы болаттай дүлдүл жүрiстi ақындардың ғана қолынан келедi.
«Қараманас» деген өлеңiнде:
Қызығар-ай,
Қызыл арай дала суып,
Жұдырыққа бет алды бала суыт.
Қараманас.
Қарасы батпас бiлем,
Беттi қарып барады қара суық, - деген жолдар – жүйрiк
көңiлдiң
шалқып кетiп барып, әдемi сурет болып көрiнiс тапқаны.
Ақынның шабыты шалқыса, айтпайтын
және айтылмайтын сыры қала
ма? Туған жердi тiлiне тиек етпеген ақын ақын ба? «Шәукеншек. Ақпан»
өлеңiнде өзiнше және өзгеше де ой айта бiлiптi:
Мүлгiп тұр Сiңлiм бабам бiр шуақты,
Ақ адал iс қылған жер.
Дүниенi оятып жүр сияқты
Желкеден ысқырған жел.
Сергек сезiмдiлiк, тапқырлық және байқағыштықпен өмiрлiк өлең жазу
деген, сiрә, осы болса керек.
Бәрiнiң жабыла жазып жүргенi - өмiр, өмiр шындығы. Ал, Мекембай
ақын сол өмiр туралы не деп тебiренедi?
Көктемiмдей көк жұлын өңiрге мен
Келгелi көп сүрiндi көңiл - дөнен.
Қайтып қана, айтсаңшы, көңiлденем?
Күшiк күйеу болып та қап кететiн
Қайын жұртым емес қой өмiр деген.
Жалтақсыз шындықты айту дегенiмiз – осы. Көңiлге көп түйгенi
болмаса, ақын бұлай деп сiрә да айтпаған болар едi.
Ақынның «Махаббат» деген өлеңi бар.
Бұл жыр азды-кемдi ұйқасқан
сөздердiң тiркесi емес, Мекембай туындыларының озық үлгiсi сияқты:
Өмiр деген шырын ғой бал жақпай да,
Бiрлiгi мен тiрлiгi бар жақ қайда?
Қу шаштық ағарғаны түк те емес,
Басында биiк таудың қар жаппай ма?
Өмiр деген ұлы дүниенiң тамырының соғуын – жан лүпiлiн
кейде
тамыршыдай тап баса бiлетiн ақында:
Өнерiме қол соғып, күлiп елi,
Қуантқан тәңiрiмнiң күнi менi.
Ақынға айта алмайтын жылы бiр сөз,
Досым-ау, дүниенiң құны ма едi? – дейтiн жолдардың да барлығын
айта кетсек, терiс болмас.
44
Ендеше, Мекембай Омарұлының «Махаббат» жинағы бүгiнгi өскелең
поэзиямызға өзiндiк жаңа өрнегiмен қосылған дүние деп бiлемiз. Ақынның
өлеңдерiнде шынар жайы да тiлге тиек болар екен. Халық ұғымында шынар –
биiктiк пен адалдықтың белгiсi. Дәмдi сөз бен әсем әуен, азаматтық үн, ырғақ
–
бәрi ақынның жырларында өз жарасымын тапқан. Ақынның 1996 жылы
жазылған мына бiр өлеңiне көңiл аударалық:
Достарыңызбен бөлісу: