109
КIРIСПЕ
Көркем сөздiң құдыретi – шексiз. Мәнерлеп оқу өнерiнiң үлкен әлеуметтiк мәнге ие
болғандығының негiзгi себебi оның рухани және эстетик күшке ие болуында. Бүгiнгi
күнде мәнерлеп оқу курсы республикамыз көлемiндегi бiлiм беру жүйесiнiң әр сатысында
мемлекеттiк стандартқа сәйкес белгiленген бағдарламалар негiзiнде оқытылып келедi.
Жоғары оқу орындарының қазақ тiлi және әдебиетi бөлiмдерiнiң
студенттерi мәнерлеп
оқудың теориялық және практикалық негiздерiн, сөйлеу, оқу техникасын меңгерген болуы
керек.
Мәнерлеп оқу курсы көркем шығармалардың идеясы мен мазмұнын терең
үйренуден және көркемдiк ерекшелiктерiн ашуда үлкен мәнге ие. Барлық жанрдағы
шығармалар бiрдей оқылмайды, сол сияқты студенттер де бiрдей мәнерлеп оқу қабiлетiне
ие емес. Әсiресе, жоғары оқу орындарында көпшiлiк студенттер
диалект сөздердi көп
қолданады. Бұл әрине өз жергiлiктi сөзiнде мәнерлеп оқу шығарманың мазмұнына керi
әсерiн тигiзедi. Соның үшiн де болашақ мұғалiмдердi бұл жағдайдан сақтау үшiн оларды
мәнерлеп оқуға үйретудiң тәрбиелiк маңызы ерекше. Мәнерлеп оқығанда оның көркемдiк
маңызын ашуда оған жәрдем етедi.
Мiне, осындай жәйттердi ескере отырып, құрастырушы ретiнде бұл оқу құралында
мәнерлеп оқудың характерi, мазмұны,
мақсат-мiндеттерi, мәнерлеп оқудың техникалық
негiздерi мен оған жаттығудың жолдары, интонация және кiдiрiс түрлерi, поэз иялық,
прозалық және драмалық
шығармаларды мәнерлеп оқу, келiстiрiп оқу, ақын-
жазушылардың шығармаларынан үлгiлер берiлген.
Бiздiң пайымдауымызша, көркем шығарманы мұқият (сiңiре) оқып шығу аз,
сонымен қатар сол шығарманың мәнiн талдай түсiнiп, мейлiнше терең игеру керек. Сонда
ғана адамның көркемдiк талғампаздығы арта түседi.
Оқу құралы тәуелсiз Өзбекстан Республикасында тұңғыш рет жоғары оқу
орындары студенттерiне жазылып отырғаны үшiн онда келтiрiлген ой-пiкiрлер мен
теориялық бiлiмдер Н.Нұрмаханова, С.Тiлешова, Қ.Орипов, М.Обидова, С.Иномхожаева,
А.Зуннунов, С.Матчанов, Т.Қалдыбаев сияқты ғалымдардың еңбектерiне негiзделген.
Сонымен бiрге ондағы берiлген әдеби туындылар
қазақтың көрнектi ақын-
жазушыларының мазмұнды да мағыналы шығармаларынан алынған.
Соның бiрi деп, мәселен, Абай Құнанбаевтың «Жасымда ғылым бар деп
ескермедiм», М.Мақатаевтың «Отан туралы», Қ.Мырзалиевтiң «Домбыра» т.б.
Жалпы алғанда, оқу құралы студенттердi көркем туындыларды мәнерлеп оқуға, әрi
поэзиялық шығармаларды жатқа
мәнерлеп айтуға дағдыландырады, үйретедi деген
үмiттемiн.
Әрине, мәнерлеп оқу курсы бұл еңбекпен шектелiп қалмайды. Халқымыздың
рухани байлығы өсу нәтижесiнде бұдан да ауқымды, мазмұнды оқу құралдары жарыққа
шығуы күмәнсiз.
Соңғы жылдары мәнерлеп оқу курсы бойынша С.Тiлешова, М.Қожахметова,
Қ.Орипов, М.Обидова, С.Матчонов, Т.Қалдыбаев сияқты ғалымдардың еңбектерi жарық
көрген. Мұның бәрi мәнерлеп оқуға қосқан сүбелi үлестерi едi. Бүгiнде
бұл оқу
құралының осы аты аталған ғалымдардың еңбектерi қатарынан орын алуы еңбегiмiздiң
жемiсi деп ойлаймын.
Жоғары оқу орнында оқитын студенттер үшiн келiстiрiп оқудың мәселелерiн
меңгерту мақсатында 3- курста «Мәнерлеп оқу» пәнi көркем әдебиеттiң сыры мен сипаты,
мәнi мен маңызы жайында жалпы бiлiм беруге бағытталады. Мәнерлеп оқу пәнi «Қазiргi
қазақ әдебиетi», «Әдебиет теориясы», «Қазақ халық ауыз әдебиетi», «Қазақ
әдебиетi
тарихы». «Әдеби процесс» атты пәндермен тiкелей байланысты.
Оқу құралы өзiндiк тәжiрибеге сүйене отырып, көркем әдеби шығармаларды
мәнерлеп
оқу
мәселелерiн
қызықтыратын
педагогика
институттары
мен