(Қазақстан. Ұлттық
энциклопедия /Бас ред. Б. Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының
Бас редакциясы. 2006. – 8-том. – 704 б,; 475-476-беттер). Жазушы осы
қайраткердің Сауд Аравиясындағы елші болып тұрған кезіндегі бір сәтін ғана
пьесаға арқау еткен. Төрт көрісті драма-элегияның сюжеттік-композициялық
желісіндегі басты кейіпкер Нәзірдің монологтары, диалогтары арқылы
тарихи тұлғаның жан ділі әлемі дүниетаным кеңістігі, қызметін қазақ
ұлтының және жалпы адамзаттың ортақ игілігіне арнаған гуманистік ойлары
саралана танылады. Жазушы тарихи шындық деректерін негізге ала отырып,
Нәзірдің көптеген тілдерді меңгерген қабілеттілігін, Алаш көсемдерімен
(Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа
Шоқай, Тұрар Рысқұлов, т.б.) ниеттес болғанын, пьесаның идеялық желісінде
айқындаған. Мәскеуден келген шақырудың ажалға апаратын суық лебін
сезінген Нәзірдің бұған дейінгі мағыналы өмір жолын шолып өткені, ғашығы
Еңліктің елес-бейнесімен, басмашылар қолынан қаза тапқан әкесі Төреқұл-
рухымен сырласуы, орынбасары болып жүріп Нәзір туралы жалалы
мәліметтерді Мәскеуге жіберіп отырған жалақор-бәлеқор Сыпкинмен бет
ашысуы, сенімді серік қызметкері, әдебиет пен өнерге тілеулес жас жігіт
Сабыржанмен сұхбаттары – бәрі де шығармадағы көркем шындық поэтикасы
96
заңдылықтарының шеберлікпен орындалғанын таныта алады. Халықтың
қызметшісі болып еңбек етіп, барлық іс-әрекеттерімен, мінез-құлық
дағдыларымен адамгершілік-имандылық ұстанымымен жүрген Нәзірдің
монологтары оның табиғи-тарихи жан ділі болмысын айқын елестетеді.
Жазушы басты кейіпкердің монологтарынан Кеңес мемлекетіне адал көз
қарасын баяндалған. Маңындағы адамдардың әсер-ықпалынан, заманының
қысылтаяңы-қыспағы
салдарынан
туындаған
басты
кейіпкердің
психологиялық хал-ахуалын жазушы өмір шындығына сәйкес өрнектеген.
1937-1938-
жылдардағы саяси-қуғын сүргінге ұшырағандар – Кеңес өкіметін
орнату, нығайту жолында аянбай еңбек еткендер. Сондықтан да, олар қуғын-
сүргін басталғанда, қамауға түскенде, өздерінің не себепті айыпталғандарына
түсінбеді. Түрмедегі тергеулер кезіндегі жалған жалаларды мойындату үшін
жасалған жендеттік азаптаулардан кейін, әрине, олардың ақыл-естерінен де
айрылып қалғаны анық. Сондықтан, пьесадағы басты кейіпкер Нәзірдің
куғын-сүргін дүрбелені басталып жатқанда, өзін орталыққа шақырған
хабарды естіп, аттанар сәттегі көңіл-күйі де шындыққа кәміл сенген аңғал,
әрі батыр мінез иесін танытады: «… Ойпырмай, осынша үрейленгенім қалай?
Күннен күнге қорқақ, жасқаншақ болып барам ба? Ал, менің ағаларым …
Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатовтар қандай жүректі жандар? Мұстафа
Шоқай ше? Дүние-дүрмекке басын иіп, бордай үгілген жоқ, өз принципінде
қалды. Тіпті өз ойы мен идеясы жолында елін, жерін тастап, шетелге кетті.
Сонда да мойыған жоқ. Өз тұстастарымнан … Тұрар Рысқұлов қазақ
жеріндегі ашаршылық халықты баудай түсіріп, қырып бара жатқан шақта
ұлты үшін шамырқанып, тұп-тұра Сталинге хат жазды. Арты не болар екен
деп ойламады. Қорқып-қалтырамады. Менікі не? Кінәм болса екен! Халыққа
қиянат жасасам екен! Онда қорқып-үркуге болар-ақ. Бұл не деген үрей?..»
(Әлмашұлы Ж. Тірі жан: үш бөлімді драма-дастан. – Алматы: Өлке, 2008. –
288 б.; 25-бет). Жазушының бұл пьесасындағы тарихи шындық пен көркем
шындық тұтасуымен өрілген поэтикалық мағыналы мегзеумен қуғын-сүргін
құрбандарына кінәлі адамдар ортасындағы қызғаншақтық, көре
алмаушылық, күншілдік зардаптары даралана айқындалады. Билік
жүйесіндегі көсемсінгендердің мансаптарын сақтау үшін ақылды, дана, нағыз
қайраткерлерді қызғанышпен, қараулықпен қудалайтын, қуғын-сүргінге
ұшыратып, көздерін жойып тынатын зұлымдық әрекеттерінің мәңгілік
үзілмейтіндігі де пьеса соңындағы Дауыс-әзәзіл монологымен дәйектеле
түскен: «Мұңға бат! Қапалан! Қайғыр, сорлы пенде! Бәрін де жасайтын өз
қолың, өз басың, өз ақылың… Жау сыртта емес, өз ішінде. Өзіңе-өзің
жаусың. Сені жазалайтын да бөтен емес, ол да өзің. Ендеше өзіне-өзі көр
қазып жатқан пенделер әлемінен сен де сырғып барасың, Нәзір жолдас! Бұл
көшті ешкім де тоқтата алмайды. Ол мүмкін емес. Ха-а-ха!» (Жазушының
аталған кітабы, 32-бет). Жазушының үш актілі «Абақты-ғұмыр» атты
поэтикалық драма-сұхбаты да жазықсыз жазаланған халқымыздың дарынды
перзенттері Мағжан Жұмабаевтың, Нәзір Төреқұловтың, Сұлтанбек
Қожановтың тарихи-көркем бейнелерін танытуға арналған. Пьесаның
тақырыбы – қазақ халқының көрнекті қайраткерлерінің, дарынды
97
перзенттерінің тарихи тұлғаларын таныту, идеясы – асыл адамдарын сақтай,
қорғай алмайтын адамзат ұрпақтарына ортақ қасіретті қасиет сипатын
әшкерелеу. Пьесаның үш актісіндегі көріністер Мағжанның түрмедегі,
фәнидегі соңғы түніндегі толғаныстары және Ташкентте Сұлтанбек
Қожановтың, Мәскеуде Нәзір Төреқұловтың кабинеттеріндегі сұхбат сәттері
бойынша бейнеленген. Алаштың үш қайраткері сұхбаттарының желісінде
олардың қазақ халқының қазіргі және болашақ тағдыры, сөз өнері
шығармаларының ұрпақ тәрбиелеудегі Алаш ұранды қазақ даласын,
атамекенді, ұлттық ділді, тілді, дінді сақтаудағы эстетикалық ықпалды
қызметі қамтылған. Тарихи деректер үйлесімді пайдаланылған.
Пьесаның психологиялык сипатын танытып тұрған поэтикалық тәсіл –
тарихи кейіпкерлердің елес-келбеттерінің де шығарма құрылысын
қолданылуы. Адамдар тағдарларының, жалпы тіршілік қозғалыстарының
қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресіне құрылған қозғалыс әлемін
таныту үшін Ақ Елес және Қара Елес келбеттерін де кейіпкерлік
бейнелеулермен берген. Екеуін қайшылықтардың, қақтығыстардың шартты
бейнеленуі келбеттерімен ала отырып, автор оларды кейде өзара, кейде
Мағжанмен пікір таластырған қалыпты да көрсеткен. Сахналық шығармада
осындай шартты психологиялық бейнелеулерді ала отырып, тарихтың
барлық кезеңдерінде де адамдардың асылдарын ардақтайтындығы мен
қорлайтындығы қатар жүретін қайшылықты жан ділі әлемі назарға алынған.
Пьесаның «Пролог», «Прологтың жалғасы», «Эпилог» атты бөлімдеріндегі
кейіпкерлер Ақ Елес, Қара Елестің монологтары мен диалогтары шығарма
арқауындағы қайшылықтардың, қақтығыстардың әлеуметтік-тұрмыстық
бағдарларын, сырларын ашу, саралау қызметін атқарып тұр. Бұл арада
жазушы жалпы адамзат ұрпақтарының тіршіліктегі кезеңінің өзін пьесадағы
Ақ Елес кейіпкердің бағалауымен мегзей ұғындырғысы келеді. Пьесаның
идеялық-композициялық тұтастығына арқау болған желі – Мағжан айтқан
саналы адамдар үшін абақты-ғұмырдың келер ұрпақтар сабақтастығындағы
жақсылық пен жамандық жағаласуындағы қайшылықтардың да,
қақтығыстардың
да
ешқашан
тоқталмайтындығын
мегзеу.
Пьесаның соңында берілген Ақ Елес монологында арыстарын ардақтаған
қазақ халқының жан ділі әлемнің ұлылығы да дәріптелген: «Мағжан ақын …
жас кетсе де артында өшпес жырын қалдырды. Оны бүгінгі ұрпақ жаттап
айтып жүр. Демек, Мағжан өлген жоқ. Міржақып, Ахмет, Тұрар, Нәзір,
Сұлтанбек секілді қайраткерлер де қайта тіріліп жатыр. Еңбектері ауызға
алынып жүр. Мектептерде еңбектері оқытыла бастады. Бұл деген мәңгі
өмірдің басы ғой. … Ең қорқыныштысы – адамдардың, елдің, жердің тып-
типыл болуы. Құдай содан сақтасын. Ендеше жер бетінде ең соңғы қазақ
қалғанша біздің арыстарымыздың аты өшпейді. Ал, Мағжан акын болса
бүгінгі күні де бізді өткенге жетелейді» (Жазушының аталған кітабы, 62-бет).
Ж. Әлмашұлының «Фрустракция» атты драма-элегиясында қазақ
тарихындағы көрнекті ақын, прозашы, драматург, мемлекет қайраткері,
ағартушы-ұстаз, ғалым Сәкен Сейфуллиннің жазықсыз қамауға алынар
алдындағы алаңжар көңіл-күйдегі хал-ахуалы бейнеленген. Тақырыбы –
98
Қазақ халқының ұлттық мәдениетіне зор үлес қосқан С. Сейфуллиннің
тарихи тұлғасын даралай бағалау, идеясы – адамгершілік-имандылық
жолындағы адал қызметтің бағаланбауына күйзелген адам жан ділі әлемінің
қасірет шеккен жағдайын таныту. Психология ғылымының анықтамасы
бойынша: «Фрустракция (от лат. frustratіo – обман, расстройство, разрушение
планов) – психическое состояние человека, вызываемое объективно
непреодолимыми (или субъективно так воспринимаемыми) трудностями,
возникающими на пути к достижению цели или к решению зад^ачи;
переживание неудачи. Фрустракцию можно рассматривать как одну из форм
психологического стресса». (Психология: Словарь / Под общ. ред. А. В.
Петровского, М. Г. Ярошевского. 2-е изд., испр. и доп. – М.: Политиздат,
1990.
–
494
с;
С.
433-434).
Аталған пьесаға осы психологиялық анықтама-атаудың тақырып болып
қойылып, туынды кейіпкері С. Сейфуллиннің, онымен тағдырлас қазақ
зиялыларының жан әлемін аңғартқандай мағынаны байқатады. Қаламгерлік
(ақын, прозашы, драматург, әдебиет зерттеушісі) және қоғамдық-әлеуметтік
қайраткерлік-басшылық қызметтерімен халқына аянбай еңбек еткен
адамдардың адал жолы арамдық, жаулық ретінде бағаланса, солар және
жалпы халық қалай дағдармайды, қалай күйзелмейді?! Екі көріністі пьесаның
Сәкеннен басқа кейіпкерлері (Садықбек Сапарбеков – обком хатшысы,
партиялық және мемлекеттік басшылық қызметтегі зиялы адам, Тасжан –
партиялық кеңес аппарат қызметкері, солақай саясат идеологы, мінезі тік
жігіт; Ұланбек – партиялық кеңсе аппаратының идеологиялық қызметкері,
мінезі жұмсақ жігіт) де өмір шындығына сай бейнеленген. Әсіресе, Сәкенді
айрықша құрметтейтін Садықбек – қоғамды, мемлекетті басқарып отырған
Коммунистік партияның ең озық ойлы өкілдерінің көркем шындықпен
жинақтала бейнеленуі. Ол пьесадағы монологтарымен де, Сәкенмен және
аталған екі кейіпкермен диалогтарында да шыншыл ойлы, дарынды С.
Сейфуллинді әділ бағалаушы халық ойын танытады. Онын диалогтарындағы
Сәкен туралы бағалаулар – халық ықыласының көрінісі. .
Пьесадағы С. Сейфуллиннің әдеби-драмалық тұрғыда бейнеленуі –
туындының тақырыптық атауына орай психологиялық сипатымен көрінеді.
Оның диалогтарынан арман еткен жақсы тұрмысты қоғамның
қайшылықтарына күйінген, бюрократтардан, опасыздардан беті қайта
бастаған айткан сөздері – оның ұлтын сүйген қайраткер, ойшыл тұлғасын
даралай түскен. Пьесаның нысанына алынған кең ойлы кемеңгер жанның
Алаш зиялылары (Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай,
Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, т.б.), болашақ Қазақ Елінің болашақ Ел
ордасы – Астанасы болатын атамекен, өзінің шығармашылығы және
саналуан мәселелер туралы толғаныстары оның туындыларындағы
ойларының негізінде берілген. Пьесаның көркемдік шешімі – психологиялық
дағдарыс көңіл-күйіндегі Сәкеннің жан әлемін ұрпақтарға аңғарту. Өзі және
басқа да көрнекті қазақ қайраткерлерінің жазықсыз жазаланатынын
түйсінумен, түс көрумен сезінген жай-күйін автор өмір шындығы сипатына
сай аңдатқан. Пьесаның идеялық, көркемдік шешімі – жақсылық, әділдік
99
салтанат құратын қоғам, мемлекет болатынына сөнгендердің үміттері үзіліп,
керісінше зұлымдық, жендеттік жазалаулар, тәркілеу, аштық, қуғын-сүргін
орын алған кезеңге дұшар болғаны Сәкеннің пьесадағы монологымен де
айқындала түскен: «Фрустракция!.. Фрустракция!.. Қоғам, қазақ жұртының
көңілі құлазып тұрған шақта біз қалай серпіліп, желпіліп кете аламыз,
бауырларым-ау!.. Елді, жерді тастап, қайда, қай жаққа барамыз, туғандар-ау!
(күрсінеді)». Жазушы қазақ халқы үшін жан-тәнімен қызмет еткен дарынды,
күрескер қайраткерлердің сергелдеңге түскен тағдырларын пьесаларының
тақырып нысанына ала отырып, оқырмандарды-көрермендерді азаматтық-
отаншылдық парызды сезіну, адалдықты сақтау ұлағатымен тәрбиелеу
мұратын бағдарлаған. Жазушы-драматургтің бұлардан басқа пьесаларында да
уақыт пен кеңістіктегі адамтану тұрғысындағы өзекті тақырыптар арқау
етілген. Қорыта айтқанда, тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиетіндегі
драматургия саласы әлем өркениетіндегі классикалық үрдістерді жаңғырта
жалғастырған сипатымен байқалады. Көркем әдебиеттің байырғы
салаларының бірі болып саналатын қазіргі қазақ драматургиясындағы
туындыларды уақыт талабына орай ғылыми-теориялық зерттеулер аясында
жаңаша зерделеп, жан-жақты қамтып қарастыру – өзекті мәселе. Уақыт
еншісіндегі осы өзекті мәселенің зерделеуіндегі жаңа ізденістеріміз жалғаса
береді.
Достарыңызбен бөлісу: |