119
даланың саңғалтау, саланың т.б. көптеген сөздер буынға бөлiнiп оқылуы мүмкiн. Ме-ңi-
реу, мыл-қау, қи-мыл-сыз…
Грамматикалық кiдiрiс, сөйтiп шумаққа, ұйқасқа, сөйлемге, тармаққа, кейде
бунаққа түссе, кейде тiптi сөзге, буынға түседi.
Логикалық кiдiрiс деп – сөйлемнiң мағынасына бiрден, тез түсiне алу үшiн, ондағы
кейбiр жеке сөздердi немесе белгiлi сөз тiзбегiн
өзге сөздерден бөлiңкiреп, нығырақ, ой
екпiнiнiң сазын бере кiдiрiс жасап оқуды айтады. Мұндай ретте логикалық кiдiрiстерге
тыныс белгiлерi қойылмайды.
Былайша айтқанда, кiдiрiстiң бұл түрi көбiне аяқталған, тиянақталған ойды
бiлдiредi, сөйлемдердiң арасын, тiптi
мәтiн бөлiмдерiн жалғастырады, яғни тиянақты
ойдан кейiн, сөйлем соңындағы тыныстау. Дұрыс жасалмаған логикалық кiдiрiс мәтiндегi
ой пiкiрдi бұзады, тыңдаушының эстетикалық әсерiн кемiтедi.
Мысалы,
Жөкей көлiнiң солтүстiк жақ қабағында Аюлы деген бiр кiшкене
таусымақ бар. Сол таусымақ пен көлдiң арасынан өткенде, // бiразға шейiн жолдың екi
жақ шетiнде сирегiрек өскен қарағай жарысып отырып барып бiтедi.
Осы қарағайға кiргенде, // Асқардың үрейi тiптi ұшты. Оған қарағай атаулының
бәрi // аңдып тұрған жаудай елестедi. (С.Мұқанов «Итбайдың сазайы»). Бұл үзiндiдегi
қос сызық қойылған жерлердiң бәрiне логикалық кiдiрiс жасап оқылады. Ал олардың
ұзақтығы, әрине барлық жерде бiрдей емес.
Логикалық кiдiрiс – табиғи кiдiрiс. Шығарманың бойындағы терең сыр мен
философияға, өкiнiш пен үмiтке, жирену мен сүйiнуге, талап пен талғамға сай мағыналы,
түсiнiктi етiп, сөйлеу тiлiне ыңғайлас оқылуы керек. Мазмұн тұтастығы сақталып ұғынуға
жағдай жасалуы тиiс.
Мысалы, Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңiнен үзiндi алайық:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге…
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз…
Ақыл сөнбей сөнбеңiз,
Бiр iске кез келсеңiз.
Алғашқы екi тармақ грамматикалық кiдiрiс заңымен оқылса, соңғы тармақтар бiр-
бiрiне тұтасып («құмарланып шаттанба, ойнап босқа күлуге», «Ғалым болмай немене
балалықты қисаңыз», «Ақыл сөнбей сөнбеңiз. Бiр iске кез келсеңiз»), тыныс белгiлерiне
көңiл аударылмай, екi жол жалғасып логикалық кiдiрiс заңымен оқылады.
Ал, ендi психологиялық кiдiрiс дегенiмiз не? Соны қарастырайық.
Көркем
шығарманың әрбiр бөлiмiн бiрiнен-бiрiн көңiл-күйiне (шаттық, қуаныш, күйiнiш, келеке,
сықақ) қарай айыру үшiн, сөйлемдер мен үзiндiлерге психологиялық мән-мағына берiп
күшейте түсу үшiн жасалатын кiдiрiстi
психологиялық кiдiрiс деймiз.
Келiстiрiп оқыған уақытта мұндай сөйлемдердiң ара-арасына кiдiрiс жасалады.
Жасалатын кiдiрiстiң дұрыс болуын қамтамасыз ету үшiн оқылғалы отырған шығарма
алдын ала оқылып, талданып, идеялық мазмұны анықталады.
Кiдiрiстiң бұл түрiнде шаттық, қуаныш, күйiнiш, ашу-ыза, кекесiн-сықақ, шындық,
өрелi ойды бiлдiретiн жеке сөз, тармақтарға екпiн қойылады.
Бұған мысал ретiнде Абайдың Крыловтан аударған «Шегiртке мен құмырсқа» атты
мысал өлеңiндегi автордың, шегiрткенiң және құмырсқаның
сөздерiне қарай жiктелген
мысал бөлiмдерiне белгiлi мөлшерде психологиялық кiдiрiс жасалады.
Немесе Абайдың «қан сонарда бүркiтшi шығады аңға» Қлеңiндегi:
Жарқ-жұрқ етiп екеуi айқасады,
Адам үшiн батысып қызыл қанға, -
120
деген үзiндiде
«Жарқ-жұрқ етiп» тiркесiне көңiл аударайық. Бұл бүркiт пен түлкiнiң
арпалысқан айқасын от шашыратқандай етiп көз алдымызға елестетiп тұр емес пе? Оған
ерекше сипат берiп оқу, баса назар аудару, салмақ түсiре айту сол тармақтардың немесе
бүкiл лириканың тынысын танытқандай.
Сөзде екпiндi буын болатыны сияқты сөйлем, сөз тiзбектерiнде де екпiндi
айтылатын сөздер бар. Ондай сөйлем iшiндегi жеке сөздердiң бiреуiне екпiн түсiре айту ой
екпiнi делiнедi. Сөйлем iшiндегi ой екпiнi түсiрiле баса айтылатын сөздердi табу, оларды
дауыс ырғағын келiстiрiп оқу шығарманың идеялық-көркемдiк мазмұнын ашуда, ұғынуда
маңызды орын алады. Мәселен, I.Жансүгiровтiң «Шаттық жыры» деген өлеңiнен үзiндi
келтiрейiк.
Ырысты, еркiн, азат елiм қандай,
Кең байтақ, ен дәулеттi жерiм қандай!
Өлкемнiң оңы-мақта, солы-қырман,
Бiтетiн бiздiң жерге егiн қандай!
Өрбiткен алуан түрлi асыл тұқым,
Төгiлген ойда-қырда төлiм қандай!
Бал еткен малдың сүтiн, аңның етiн
Гүл жұпар, күштi дәрi, шөбiм қандай!
Немесе:
Тыңда, дала, Жамбылды!
Тыңда, қастек, қаскелең!
Сөйлесiн кәрi бауырың. (Жамбыл)
Бұл келтiрiлген үзiндiлердегi асты сызылған сөздердiң бәрi – екпiн түсiрiле
айтылатын сөздер.
Кейде сөйлемдегi
сөздердiң қайсысы екпiндi, қайсысы екпiнсiз оқшау келетiнiн
айыру, ажырату тiптi мүмкiн емес.
Мәселен:
Арыстан, аю, қасқыр, түлкi, борсық,
Сiлеусiн, жолбарыстар түнде жортып… (Жамбыл)
деген екi жолды өлеңдегi бiрыңғай мүшелердiң әрқайсысына түсетiн ой екпiнi бiрдей.
Әрине, мәтiндегi екпiндi сөздердiң екпiндiлiк дәрежесi бiрдей бола бермейдi. Бiреулерiне
екпiн күштi түсiрiлiп айтылса, бiреулерiне сәл бәсеңдеу түсiрiле айтылады. Мәселен,
Менiң жаным отандық,
Отан деп өлем, өлсем де!
О, сүйiктi Отаным!
Балам деп көм көмсең де, (Н.Байғанин «Ер туралы жыр») - деген төрт
тармақ өлеңдегi сегiз бунақтың қай-қайсысы да оқыған уақытта ой екпiнi түсiрiле, күштi
айтылады. Бiрақ солай бола тұрса да, олардың екпiндiлiк дәрежесi бiрдей емес, яғни Отан
деп өлем, О сүйiктi Отаным! деген бунақтар айрықша екпiн берiлiп айтылады. Өйткенi
ақынның айтайын деген негiзгi ой-пiкiрi адамның отанына деген шексiз сүйiспеншiлiк
сезiмiн бiлдiру, жырлау.
Қазақ тiлiнде екпiн онша аңғарылмағанмен грамматикалық екпiндi қойып оқуды
үйрету керек. Сұлтанмахмұттың кекесiндi өлеңiндегi:
Калқам, жаным, қарағым!
Бетiңе келмес қарағым, – дегенде
«қарағым» сөзiнiң бiрiншiсiнде екпiн үшiншi
буынға, екiншiсiнде екiншi буынға түседi.
Сөйтiп, поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқуда интонациямен бiрге кiдiрiс
түрлерiне және екпiнге де көңiл бөлген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: