124
Әңгiме оқиғаны баяндап айтуға негiзделген, қара сөзбен жазылған шағын көркем
шығарма болып табылады. Әңгiменiң жанрлық ерекшелiктерi алдымен оқиғаны баяндау
тәсiлi, композициялық, сюжеттiк құрылысы, кейiпкер жүйесi арқылы айқындалатындығын
айтып өту қажет.
Прозалық шығармалардың ендiгi бiр түрi – повесть. Повесттердi мәнерлеп оқудан
алдын повесть дегенiмiз не деген сұрақ туындайды. Мiне, осыны анықтап алайық.
Повесть
–
оқиғаны баяндап айтуға негiзделген, қара сөзбен жазылған көлемдi шығарма, эпикалық
жанрдың орташа түрi. Онда бiрнеше кейiпкерлер бас кейiпкердiң айналасында жиналады.
Повесттердi мәнерлеп оқуда оның жанрлық ерекшелiгiне көңiл бөлу керек. Себебi,
повесттердiң барлығын бiр түрде оқуға болмайды. Мәселен, М.Әуезовтiң «Қилы заман»
т.б.
Ал, ендi романдарды оқу мәселесiне келсек, романдарды мәнерлеп оқудың өзiндiк
ерекшелiгi бар. Алғаш роман туралы түсiнiк берген жөн. Ендеше, роман деп – сюжеттiк
құрылымы күрделi, көп желiлi, кең тынысты, кейiпкер бейнесiн ол өмiр сүрген уақыт, ол
тiрлiк кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсiндейтiн, басқа прозалық жанрларға
қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңiстiктi қамтитын көлемдi эпикалық шығарманы
айтамыз. Романның әңгiме мен повестен айырмашылығы, онда тұрмыстың үлкен
мәселелерi тiлге алынады, көптеген кейiпкерлер қатысып отырады.
Роман жанрындағы
шығармаларды мәнерлеп оқудың өзiндiк ерекшелiгi де сонда. Себебi, әрбiр кейiпкердiң
табиғатын, мәдениеттiлiгiн және iс-әрекетi, адамдармен өзара қарым-қатынасы, жалпы
қоғам өмiрiндегi орнын түсiнбей тұрып оны мәнерлеп оқуға болмайды. Мәселен,
С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» атты романынан үзiндi келтiрейiк.
Әдетте, күрестен бұрын бәйгiнiң аты кетедi.
Аттар жөнелгеннен кейiн бас балуан шығару жолы тиген қыпшақ «Түйе
балуанын» шешiндiредi. Түйе балуан күресерде қойдың жүнiнен жуан ғып тоқыған,
балғғы тiзесiнен жоғары шалбар киiп, ышқырына қайыс белбеу өткiзiп, белiн тас қып
буады екен, үстiне басқа киiм iлмей, тырдай жалаңаш шешiнедi екен. Күрескен
балуанмен бел ұстасқанша ғана иығына түйе жүн шекпенiн жамылып отырып,
күресерде оны сыпырып тастайды екен.
Сол әдетiн iстеп, түйе балуан қара жолдың жиегiне кеп отырады. Оған Керей,
Уақтың көзi түсiп едi – «Түйе балуанға» ерiп келген адамдар бүркiп қасындағы торғай
сияқтанды…
Ал, драма жанры қалай оқылады?
Драма поэзия жанрына өте жақын жанр. Ал, драма дегенде көркем әдебиеттiң
негiзгi бiр түрi, яғни тек қана кейiпкерлердiң сөйлеуiне, қимыл әрекетiне негiзделген
көркем шығармалар – пъесаларға айтылады. Драманы мәнерлеп
оқудан алдын ондағы
кейiпкерлердiң өзара диалог, монолог түрiнде сөйлеуiн ескерген де мақсатқа сай болады.
Драмалық шығарма түгелдей дерлiк диалогқа сөйлестiруге және жеке кейiпкердi
сөйлетуге, монологқа құрылады. Мәнерлеп оқуда драма терминi көбiнесе жанр
ерекшелiгi және мазмұнды бiлдiредi, сол үшiн де сахналық көрiнiске ие болған бұл
жанрда терең ой, пiкiр, кескiн iштей күрестерге негiзделген жанр драма болып табылады.
Негiзiнде драма грек тiлiнен алынған болып, сахнаға арналған,
оқиғаны оған қатысушы
кейiпкерлердiң iс-әрекетiн, көңiл-күйiн көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар
дегендi бiлдiредi. Бұл туралы Белинскийдiң - «Драмалық шығарма сахнада толық өмiрдi
қамти алады» деген пiкiрiн ескерген жөн. Драмалық шығарманы екi түрде оқуға болады:
пъесаны бiр адамның оқуы, яғни оқытушы оқиды және пъесаны рөлге бөлiп студенттер
оқиды. Осылай екi түрлi оқуда да мақсат драмалық жанр ерекшелiгiн тыңдаушыларға
жеткiзу болса да, жеке адамның оқуы мен рөлге бөлiп оқудың арасында айырмашылық
бар.
Драмалық шығарманы бiр адам оқыған кезде орындаушы бейнеге толық ене алмай,
тек қана ол туралы түсiнiк немесе сол бейне жайында әңгiмелеп бередi.
125
Драмалық шығарманы оқуда орындаушы кейiпкердiң iс-әрекетi,
қимылы және
сөйлеу интонациясына қарай өз сөзiн құбылтып отырады.
Драмалық шығармаға анализ жасайтын болсақ, эпикалық жанрға ұқсас келедi,
бiрақ өзiндiк ерекшелiгi де бар. Драмалық шығармадағы көрiнiс үздiксiз дамып отыруы
тиiс. Драманың идеялық мазмұны көрiнiс барысында анықталып отырады. Драмалық
жанрдың комедия және трагедия атты екi түрi бар. Комедия – грек тiлiнен алынған болып,
көңiлдi топ, өлең деген мағынаны бiлдiредi. Комедия өмiрдегi келеңсiз, жағымсыз
құбылыстарды,
адам бойындағы мiндердi, қасиетсiздiктi оспадарлықты күлкiлi етiп
бейнелейтiн сахналық шығарма. Мәселен, Б.Майлиннiң «Талтаңбайдың тәртiбi»,
М.Әуезовтiң «Айман-Шолпан», Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтiрiк бөрiк астында» атты
комедияларын атауға болады. Ал, трагедияда өмiрдегi шиеленiскен күрес-тартысты, бiр-
бiрiне қарама-қайшы күштердiң ешбiр ымыраға келмейтiн, белдескен күресiн, қақтығыс-
таласын суреттейдi. Мәселен, М.Әуезовтiң «Қаракөз», F.Мүсiреповтiң «Қозы Көрпеш –
Баян сұлу», «Ақан серi - Ақтоқты» трагедияларын атауға болады.
Пъесаны рөлге бөлiп оқығанда орындаушылар тобы алдын ала жаттығу жасай алуы
тиiс. Сонымен бiрге драмалық жанрға енетiн шығармалар өзiнiң лирикалық, сатирикалық,
күлгiлi, саяси және драмалық сияқты бiрнеше көрiнiстерiмен басқа әдеби түрлерден
ажыралып тұрады. Мұны да ескерген жөн.
Мәселен: Шерхан Мұртазаның «Бесеудiң хаты» атты драмасынан үзiндi алайық.
Мүсiрепов. қайрат – қыран, қайғы – жылан. қайғыра бермей қайрат қылайық
(Аспанға қарайды). Иә, қайрат қылайық.
Балым. Аспаннан не iздейсiң, қайным? Аспанға қанша тесiлiп қарасаң да
перiштелер көрiнбейдi. құдай да, өкiмет те бiздi ұмытқан.
Мүсiрепов. Бiздiң елдi қырқадан қырсық шалғаны рас. Бiрақ қиялдан қысыр,
арманнан ада болмайық. Үмiт үзiлмесiн. Жол кҚрсетiңiз. Босқындарды қуып жетейiк.
Балым (екi ойлы). Бетiнен тозақ оты лапылдаған мына даладан кiмдi iздеп табар
екенбiз?..
Достарыңызбен бөлісу: