Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет76/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   84
qazrg adebi protsess

Өгiз бен бақа 
Бiр Өгiз айдын шалқар келдi, 
Жағалап суаты бар жерге келдi.
Шiлденiң сарша тамыз ыссы кезi, 
Бек қатты қаны қашып шөлдеп едi. 
Су iшiп көлдiң шықты жағасына, 
Мал едi көз тоятын қарасына 
Артықша бiр көлбақа күншiл екен, 
Сол көлдiң Бақасының арасында.
Өгiздi суға тойған Бақа көрдi, 
Секiрiп көршiсiне жетiп келдi.
«Боламын мен де сонау өгiздей», - деп, 
Жел тартып, iсiп-кеуiп, қарнын кердi. 
Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? – деп, 


159 
Өгiздей анау тұрған болдым ба?» - деп. 
Өгiз бен екеуiне қарап тұрып, 
Жолдасы жауап бердi сонда бүй деп:
«Өгiздей болу саған қайда, шырақ?! 
Араңыз екеуiңiздiң тым-ақ жырақ! 
Онымен бiрдей болып толмақ түгiл 
қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ». 
«
Қарашы! Ендi қандай болдым? – дедi, 
Мiне, мен жаңа айдай толдым!» - дедi. 
Жолдасы тағы қарап денесiне: 
«
Қалпында қараң менен пормың»,- дедi. 
Дүниеде мұнан күншiл кем-дi Бақа! 
Зорланды қарнын керiп ендi Бақа. 
Шыдамай жұқа қарын керуiне,
Жарылып, сол арада өлдi Бақа. 
………………………………………. 
Күнәсi күндегiнiң жаман қатты, 
Күндей ме бiреуге алла берген бақты?!
Өгiздi күндеп, сондай боламын деп, 
Көлбақа онан қанша пайда тапты?
Әуелде құдай өлшеп берген дене, 
Қаншама зорланғанмен артылмапты. 
Нақыл сөз: «Әлiн бiлмес әлек» деген, 
Осындай әуре болған жаннан қапты. 

Ахмет Байтұрсынов 
Көзi тоймаған ит 
Көпiрге түстi бiр ит сүйек тiстеп, 
Ойы бар көпiрменен дария кешпек, 
Көрiндi су бетiнде бүгiн бiр ит, 
Бұнда да бiр сүйек бар, бақса түстеп. 
Судағы ит бұл бейбақтың көлеңкесi, 
Бiлерлiк көлеңкенi болмады есi, 
Толымды көрiнген соң анау сүйек, 
Ол иттен тартып алмақ бар дәмесi. 
Сол оймен атты суға айбаттанып
Бар күшiн жинап бойға қайраттанып, 
Түскен соң жойқын суға, ол батырдың 


160 
Iсiнiң не болмағы айдан жарық. 
Әрқайда аш көздiнiң олжасы осы, 
Байқасаң iс түбiне көзiң салып. 
Екi теке 
Екi теке келiп түстi көпiрге, 
Бiреуi әрi, бiрi берi өтуге, 
Көпiрдiң дәл ортасында килiгiп, 
Бiрiне бiрi бақырды кейiн кетуге. 
Шайқасып бас, бiрiнiң тiлiн бiрi алмай, 
Сүзiспекке кiрiстi, қарап тұра алмай. 
Тар көпiрдiң секiрiстi үстiнен, 
Бiрiнен бiрi қояр ма, сiрә, кек алмай. 
Екеуi де суға құлап тыныш тапты, 
Жiгiттiк қып көпiрдi тезден босатты. 
Ерегiстiң нәтижесi осы да, 
Таласқандар мұнан артық не тапты?!

Сәбит Дөнентаев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет