Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет77/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   84
qazrg adebi protsess

Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Мысал дегенiмiз не? 
2. 
Әрбiр мысалды мәнерлеп оқып, жатқа айту. 
3. Мысалдардың идеясы мен мазмұнын ашып берiңдер. 
4. Ақындардың басқа да мысал-өлеңдерiн оқу. 
ЛИРИКАЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ ОҚУ 
К ү з 
Сұр бұлт, түсi суық, қаптайды аспан, 
Күз болып, дымқыл тұман жердi басқан. 
Бiлмеймiн тойғаны ма, тоңғаны ма, 
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. 
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай
Жастар күлмес, жүгiрмес бала шулай. 
Қайыршы шал-кемпiрдей түсi кетiп, 
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. 
Бiреу малма сапсиды, салып иiн, 
Салбыраңқы тартыпты жыртық киiм. 
Енесiне иiртiп шуда жiбiн, 
Жас қатындар жыртылған жамайды үйiн. 
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, 
Астында ақ шомшы жүр, ол бiр керуен. 


161 
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы, 
Күлкi-ойын көрiнбейдi, сейiл-серуен. 
Кемпiр-шал құржаң қағып, бала бүрсең, 
Көңiлсiз қара суық қырда жүрсең. 
Кемiк сүйек, сорпа-су тимеген соң, 
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең. 
Күзеу тозған, оты жоқ елдiң маңы, 
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы. 
От жақпаған үйiнiң сұры қашып, 
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы. 

Абай Құнанбаев 
Жазғытұры 
Су ақты, жеттi апрель қырдан ойға, 
Секiрiп арық-тұрақ кеттi тойға. 
Жас бала: «Жазғытұры туды» - десiп, 
Жабағы, көтерем тай, ақсақ қой да. 
Қуанып жан-жануар, алшаң басып, 
Қалмады қайғы-уайым ешбiр ойда. 
Нұрлы күн алтын нұрын шаштай аямай, 
Шықсын деп қысқы ызғар өткен бойға. 
Су ақса, тау жаңғырар сылдыр қағып, 
Дәл сұлу бұраңдаған шолпы тағып, 
Түрлi үнмен жаңа келген жылдың құсы 
Тұрғандай қобыз ойнап, әнге салып... 
Май келдi, жер құлпырды, гүлдер жайнап, 
Жiбектей көкорайлар жатқан жайлап. 
Сұлудай бұраңдайды бұтақтар да, 
Ән салса әртүрлi құс тұрған сайрап. 
Суықтан тоңып өлген шыбын-шiркей, 
Тiрiлiп қанат қағып быж-быж қайнап.
Аспанда күн күркiреп. от жарқылап, 
Жылы жел қара бұлтты тербеп айдап. 
Уызға жаңа тойған жас құлынды 
Шыңғыртып, жылқышылар ұстап, байлап, 
Азырақ күйлi шыққан қысыр тайын 
Балалар шапқыласқан, мiнiп жайдақ, 
Қыс қысқан арық-тұрақ, жаман-жәутiк 
Кеттi ғой әлдеқашан тырақайлап,
Жаратқан жанға рақат жазғытұры, 
Шүкiр қыл бiр аллаға «я, құдайлап». 

Мағжан Жұмабаев 
Боранда 
Қарлатып, қатты боран қарпылдап тұр, 


162 
Үскiрiк-аяз қызыл шартылдап тұр. 
Қой ығып, басын қоршап ыққа тығыр, 
Көмiлiп қалың қарға қарқындап тұр. 
Сүйенiп таяғына қой қасында, 
Дiрiлдеп Таймас сорлы қалтылдап тұр. 
Аяқта жуан жiппен буған шарық, 
Сүйрелiп киiз шұлғау, жалпылдап тұр. 
Ашылып қабырға-омырау қарға қарсы, 
Тақымы шалбарынан жалтылдап тұр. 
Денесiн қалыбымен суық ұстап, 
Ызың жел селкiлдетiп, аңқылдап тұр. 
Мойнына жабысқан қар ери қатып, 
Иекте мұз сүңгiлер салпылдап тұр… 
Жылы iшiк, түлкi тымақ, саптамалы, 
Дүйсек бай дөң басында салқындап тұр. 
«Ары таман қойды қозғап, жайсаңшы!» -
деп, Таймасқа қожайынсып, шаңқылдап тұр.

Iлияс Жансүгiров 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет