155
Сұлтан. I-iмм. С-солай де. Ашулануға тұрарлық сөз екен. Бiрақ жақын
досымның үйiне алғаш рет келiп отырғандықтан, шаңырақтың шырқын
бұзғым келмей отыр. Дегенмен, айта қойшы, жұрттың бәрiне бiрдей
ұнамауды мақсат еткен адам ғана ой бостандығының иесi санала ма?
Объективтiк пiкiр деген бар ғой.
Светлана. Жоқ.
Сұлтан. қалайша? Объективтiк пiкiрдi жоққа шығарғың келе ме?
Светлана. Жоққа шығарғым келмейдi. Өйткенi ол болған емес.
Объективтi пiкiр деген – субъективтi пiкiрлердiң жиынтығы. Сұлтан. Ал,
әйтпесе, жиырмасыншы ғасырдың жойқын нигилисi арамызда жүр екен ғой.
(Гауhарға қарап.) Бұған сiз қалай қарайсыз, қарындас?
Гауhар. Мен бейтаныс адамдардың алдында пiкiр айтпаймын.
Сұлтан. Бұл да өзiнше жаңалық екен. Калыс қалудың сәтi табыла
кеткен түрi ғой.
Темiрбек. Жолдастар, айтысты тоқтатуларыңды өтiнемiн.
Светлана. Жо-оқ, жалғастыра берсiн. Мен үшiн өте қызық. Менiңше,
дастархан басындағы адамдардың сөзiнен-ақ бүтiн бiр қоғам мәдениетiнiң
даму деңгейi көрiнедi. Бiлiмдi жастардың айтысы да, тартысы да әлеуметтiк
биiктен басталуы керек. Объективтi және субъективтi пiкiр дегендi мен күнде
естiп, сол сөздi өзiм қолданып жүрсем де, анығына жете алмаймын. Сұлтан,
ол жөнiнде сенiң ойың қалай ?
Сұлтан. Сен өз сұрағыңа өзiң жауап берiп отырсың ғой.
Мен өз
пiкiрiмдi айтсам, демек ол субъективтiк пiкiрiм, ал кҚпшiлiкке ұнайтын
ойымды айтсам, ол объективтi пiкiр.
Кәмила. Бұл – слишком арифметикалық жауап. Екiнi екiге қосқанда
төрт болады деген сияқты. Бұлай бастауыш мектебiнiң оқушысына ғана
түсiндiру керек. Айтпақшы, жақында бiр бала мұғалiмнiң: «Екi алмаға үш
Қрiктi қосқанда қанша болады?» - деген сұрағына ойламастан: «Компот
болады», - деп жауап берiптi. Мен сенiң жауабыңа толық қанағаттана
алмадым. Әлгi баланың жауабы сияқты жаңа тотировка жоқ.
Сұлтан (гитарасын қағып-қағып жiберiп). Мен үшiн бұл соншалық
маңызды нәрсе емес.
Кәмила. Неге? Бiздiң әрбiр құбылысқа деген өз пiкiрiмiз болуымыз
керек. Онсыз адам болудан қаламыз.Өз пiкiрi, өз ойы болмаған адам алдына
ешқашан мақсат қоя алмайды. Демек, ол өз бақыты үшiн қалай күресудi, өз
ғұмырын қалай құруды да бiлмейдi.
Нәзила келiп, үстелге ыдыс-аяқтарын қояды.
Сұлтан. Ал, сен, өзiң, сен өзiң бiлесiң бе?
Кәмила. Бiлемiн. О-о, мен жақсы бiлемiн. Мен өз бақытым үшiн күресе
аламын.
Сұлтан. Ал, сен сол «бақыт» деген не екенiн бiлемiсiң?
Кәмила. Оны да бiлем. Бақыт деген… бақыт деген мына сендер
түсiнетiндей ылғи қуаныш, ылғи сәттiлiк емес. Бақыт деген – азап.
Темiрбек. Аза-ап?.. (Күледi.)
156
Кәмила. Ия, азап. Бiрақ,
ол бос сергелдең, күйбең тiршiлiк азабы емес,
үлкен мақсатқа барар жолдағы азап. Циолковский,
Достоевский, Королев…
қалай ойлайсыңдар, солардың бәрi рақат тұрмыс кештi дейсiңдер ме?
Олардың бүкiл ғұмыры азаппен өттi. Адамзат үшiн, ғылым үшiн азап шектi.
Мiне, бақыт деген осы.
Сұлтан. Дұрыс. Олардың бәрi ұлы жаңалық ашты. Ал, сен ше? Сен
қандай жаңалық ашасың?
Кәмила. Мен ешқандай жаңалық ашпаймын.
Сұлтан. Құдайдың мұнысына да шүкiр.
Кәмила. Ия, құдайға шүкiр, ашпаймын.
Сұлтан. Сондағы сенiң айтпағың не? Жаңалық ашпайсың, диссертация
қорғамайсың, демек азаптанбайсың. Сөйте тұрып, өз бақытым үшiн күресе
алам дейсiң? Ол қандай бақыт, ол қандай күрес?
Кәмила. Ол – өз дегенiнше өмiр сүру. Адам адам болып жаралғалы сол
үшiн күресiп келедi. Олар не үшiн күрестi, не үшiн құрбан болды: сол күрес
атаулыны – қарулысы бар, қарусызы бар – бәрiн жиып-терiп келесi ұрпаққа
қалдыру үшiн ғана ма? Жо-жоқ. Сол кұрестер мен жеңiс атаулының жемiсi –
мына, бiзбiз. Алдыңғы ұрпақ соңғы ұрпақтың бақыты үшiн мәңгi күресiп
келедi ғой, солардың тыныш ұйқысы үшiн, солардың бейбiт тiршiлiгi үшiн,
керек болса, солардың беғам өмiрi үшiн де күрестi ғой.
Сол бақытты ұрпақ
мына бiздермiз. Бiз қалауымызша өмiр сүруге тиiспiз.
Сұлтан. Тырнақтап жиғанды етектеп төгiп алмаймыз ба?
Кәмила. Төкпеймiз.
Нәзила. Өмiр көрсетер оны. Жалпы, жалынды сөйлеген адамнан
күдiктенемiн. Өйткенi. олар көп ретте жалған айтады. Менiңше, бақыт деген
–
сөз бен iстiң бiрлiгi, демек, жалған сөйлемеу. Бiз дастарқан басында ғана
ақылдымыз, дастарқан басында сұлу сөйлеудi әбден меңгергенбiз. Ал, өмiрде
сол айтқанымыздың бiр де – бiреуiн орындай алмаймыз. Сөзiмiз бен iсiмiз
алшақ. Бұл – бақыт емес, сiрә.
Светлана. Бұл сiздiң өмiрден түйген философияңыздан гөрi бiзге деген
күдiгiңiзге көбiрек ұқсайтын сияқты. Кама дұрыс айтады. Әңгiме жаңалық
ашуда емес. Менiң атам 1918 жылы Ақтөбеде ақтармен шайқаста қаза
тауыпты. Баланың бақыты үшiн дептi. Баласы, яғни менiң әкем Отан
соғысында Сталинград түбiнде белгiсiз төмпешiк болды. Балаларымыздың
бақыты үшiн деп мерт бопты. Ендi бiз неге бақытты тұрмыс құрмаймыз.
Бүтiн бiр екi ұрпақ ғұмырын қиғанда келмейтiн ол не деген бақыт. (Осы
кезде қамажай тамақ әкелiп үстелге қояды.) Келiңдер, жолдастар, бәрiмiздiң
бақытымыз үшiн бакалдар шарапқа толсын.
Бәрi. Мiне, ғажап сөз.
-
Ал, құйыңдар.
Сұлтан. Кәне, апай, қарындастар, сiздер де бокалдарыңызды
толтырыңыздар. (құя бастайды.)
Қамажай. Жо-жоқ, мен мұндайды аузыма алған емеспiн. Болмайды,
болмайды.
157
Светлана. Болады, болады. Осы уақытқа дейiн аузыма алмадым дегенде
өз басым иланбаймын. Қазiр үйренбесеңiз, кейiн кеш болады.
Мына iнi-
қарындастарыңыздың бақыты үшiн алмауыңыз күнә…
Достарыңызбен бөлісу: