Ш қ о ә б б «Г е о л о г и я л ы қ б а р л а у к о л л е д ж і» к м қ к 0701000–«Геологиялық түсіру және пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау»



Pdf көрінісі
бет28/34
Дата16.12.2022
өлшемі0.55 Mb.
#467371
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Мемл.тілде-іс.-қағаз-Экспер

Бақылау сұрақтары: 
1)Қызметтік хат деген қандай құжат? 
2) Ол қандай құжаттарға жатады? 
3) Мазмұны мен мақсаты бойынша қандай түрлерге бөлінеді? 
4) Мәтіні қандай болуы тиіс? 
5) Қандай сөздерді пайдаланған жөн? 
Бақылау тапсырмалары: 
1)Мына сөз тіркестерді аударыңыздар: қызметтік хаттар, кепілдік беру хат, 
бастама хат, жарнама хат, жауап хат. 
2) Сөйлем құрыңыз: сөздер, біз, үміттеміз, қажетті шаралар, қолданып, 
нәтижесін, оның, хабарлайсыз, бізге, деген. 
3) Шақыру хат жазыңыз. 
25-сабақ. 
4.17.тақырып.Тәжірибелік сабақ. Жеделхат. Телефонхатты құру.


27 
Жеделхатақпарат беру әдісі (телеграф) жағынан бірдей, әр түрлі 
мазмұндағы құжаттардың жалпы түрдегі жинақтама атауы. 
Деректемелері: қай категорияға жататыны туралы белгі (үкіметтік, 
халықаралық, жедел, категориясы жоқ, кезектен тыс, шторм, байланыс, апат); 
мекен-жайы, мәтіні, мәтінге қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, 
жіберуші ұйымның байланыс мекен-жайы, жіберуші лауазымды адамның қолы, 
мөрі, күні. 
Жеделхаттар сондай-ақ тапсырылғанын ескеретін, талап ету бойынша 
алатын, қабылдаушының өз қолына тапсырылатын, жеткізіп берілетін, 
жауабына ақысы төленген түрлері де болады. 
Жеделхаттың екінші данасы (көшірмесі) ұйымның іс қағаздарында 
сақталады. Оның мәтініне ерекше телеграф стилі тән: көмекші сөздер, 
шылаулар, жалғаулықтар, тыныс белгілері болмайды. Көп белгілі сандар 
түрлері болмаса, сандар сөзбен жазылады. 
Мәтін қысқа, жинақы болуы тиіс, екіұшты (двусмысленности), астарлы 
(намеки, умолчания) болмауы тиіс. Екіұшты түсінік тууы мүмкін жағдайда 
тыныс белгілері қысқарған сөздерден құралады: нүкте – нкт, үтір – үт, қос 
нүкте – қт, тырнақша – тр, нөмір – нр. 
Телефонхат мынадай деректемелерді қамтиды: кәсіпорынның атауы, құжат 
түрі, қабылдаушы, күні, индексі, мәтіні, қолы, жіберілу уақыты туралы белгі
телефонхатты қабылданған және берген адамның лауазымы және аты-жөні. 
Бір данадан жасалып, оған басшы не орындаушы қол қояды. Мәтін 50 сөзден 
аспауы керек. Телефонограмма бірнеше қабылдаушы бойынша берілсе, онда 
қабылдаушы мекемелердің тізімі мен телефон нөмірлері қоса беріледі. 
Телефонхатты бергенде мынадай ұсыныстарды ескерген жөн: 
1)қарапайым және жедел хабар беру; 
2) жазудың дұрыстығын қайталап оқу арқылы тексеру, 
3) қисыны күрделі мәтіндерді жібермеу; 
4) сирек қолданылатын сөздерді пайдаланбау; 
5) ұғынуға қиын сөздердің әріптерін жеке-жеке атап беру.
Әдетте, телефонхат арқылы шақыру жіберіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет