29
27-сабақ.
4.19.тақырып.Тәжірибелік сабақ. Түсініктеме (түсінік хат) құру.
Түсініктеме – негізгі құжаттың жекелеген ережелерін түсіндіретін немесе
қандайда бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат.
Мазмұны бойынша түсініктеме екіге бөлінеді. Бірінші топқа негізгі құжатқа
(жоспарға, есепке) ілесіп жүретін және негізгі құжаттың жекелеген ережелерін
түсіндіретін құжаттар кіреді. Олар кәсіпорындардың
жалпы бланкілерінде
ресімделеді. Екінші топқа қандайда бір оқиғалар, қалыптасқан жағдайлар,
жекелеген қызметкерлердің әрекеттері мен тәртібіне байланысты түсіндірме
жазбалар кіреді. Мұндай жазбалардың мәтіні дәлелді, қысқа болуы керек.
Түсініктеме – мекеме
басшысының атына жазылып, белгілі бір келеңсіз
жағдайға байланысты түсінік берілетін құжат
. Басшы талап еткен кезде,
келеңсіз жағдайға ұшыраған адам түсінік беру үшін жазады.
Деректемелері: мекеменің атауы, мекеме басшысының лауазымы, аты-
жөні, тегі, құжаттың атауы, мәтін, мазмұнының тезисі, мәтін мазмұны, түсінік
берушінің қызметі, қолы, аты-жөні, тегі, мерзімі.
Бақылау сұрақтары:
1)Түсініктеме (түсінік хат) қандай құжат?
2) Мазмұны бойынша түсініктемелер неше түрге бөлінеді?
3) Түсініктемені қандай адам жазады және кімнің атына жазады?
4) Түсініктеменің деректемелері қандай?
5) Түсініктеменің мәтіні қандай болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: