Ш қ о ә б б «Г е о л о г и я л ы қ б а р л а у к о л л е д ж і» к м қ к 0701000–«Геологиялық түсіру және пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау»



Pdf көрінісі
бет29/34
Дата16.12.2022
өлшемі0.55 Mb.
#467371
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Мемл.тілде-іс.-қағаз-Экспер

Бақылау сұрақтары: 
1)Жеделхат деп нені айтады? 
2) Жеделхаттың деректемелері қандай? 
3) Мәтіні қандай болуы керек? 
4) Жеделхаттың түрлері. 
5) Телефонхаттың деректемелері мен мәтіні қандай болуы керек? 
Бақылау тапсырмалары: 
1) Жеделхат жазыңыз (шақыру туралы); 
2) Келесі сөздерді, сөз тіркестерді аударыңыз: қабылдаушы, қисыны күрделі 
мәтін, телефонхат, 50 сөзден аспауы керек, шақыру жіберіледі; 
3) Телефонхат жазыңыз (шақыру туралы). 
 
 


28 
26-сабақ. 
4.18.тақырып.Тәжірибелік сабақ. Еңбек келісімі. 
Еңбек келісімі – тараптардың еңбек құқығы қатынастары туралы келісімді 
реттейтін ресми құжат. 
Жеке еңбек келісімі және ұжымдық еңбек келісімі деп 2 түрге бөлінеді: (жеке 
еңбек келісімі, ұжымдық еңбек келісімі). 
Келісімге отыратын қызметкерлер мынадай категорияларға бөлінеді: тұрақты 
түрде жұмыс істейтіндер, уақытша жұмыс істейтіндер, негізгі жұмыс орны 
бойынша жұмыс істейтіндер, қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер. 
Еңбек келісімі жазбаша түрде екі дана болып жасалады. Ең соңында жұмыс 
беруші мен жұмысшының қолы қойылып, мөрмен куәландырылады. Біреуі 
мекемеде, екіншісі жұмысшыда(қызметкерде) сақталады. 
Еңбек келісіміне мынадай мәліметтер кіреді: 
1.Келісімнің жасалған орны, күні, айы, жылы. 
2.Екі тараптың толық және шартты атауы. 
3. Келісім нысаны. 
4. Еңбек төлемі. 
5. Еңбек жағдайлары. 
6. Келісім мерзімі. 
7. Жұмыс берушінің және жұмысшының міндеттері мен құқықтары. 
8.Келісімнің тоқтатылуы. 
9.Дауларды шешу. 
10.Қорытынды ережелер және екі тараптық заңды мекен-жайлары мен 
реквизиттері. 
Сонымен қатар сынақ мерзімі, біліктілігін көтеру т.б. сияқты қосымша шарттар 
көрсетілуі мүмкін. 
Бақылау сұрақтары: 
1)Еңбек келісімі деген қандай құжат? 
2) Еңбек келісімі неше түрге бөлінеді? 
3) Қызметкерлер қандай категорияларға бөлінеді? 
4) Еңбек келісімінде қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс? 
5) Неше дана жасалады және қайда сақталады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет