26
жатады. Мазмұны және мақсаты бойынша келесі хаттарға бөлінеді:
кепілдік
беру, ақпараттық,
жарнамалық, коммерциялық,
сұрату хат, хабарлау хат,
шақыру хат,
жауап хат, өтініш хат,
хабарлама хат, еске салу хат,
ілеспе хат,
бастама хат т.б. Мәтіні қарапайым жазылады, бір мәселеге ғана арналады және
анық, нақты айтылады. Мәтіні екі бөліктен тұрады: 1) кіріспе; 2) негізгі.
Кіріспеде себептері көрсетіледі, ал
негізінде мақсаты айтылады (ұсыныс, бас
тарту, өтініш, кепілдік беру т.б.). Хатты жақсы қабылдау үшін дөреке, үзілді-
кесілді сөздерден аулақ болған жөн. Сөздері:
бұрынғыша, мүмкін, өтінемін,
ұсыныс енгіземіз, түсіндіреміз, кәсіпорын өтініш жасайды, ұсынамыз деген
сияқты болған дұрыс. Хатта көрсетілген фактілері объективті болу керек,
хаттың жалпы тоны қалыпты (нейтральный) болуы тиіс.
Бастапқы және
қорытынды сөздер мен сөз тіркестері болып : «Байланысты », «Ерекше
жағдайда»,
«мақсатында»,
«сәйкес»,
«айырбастау»
деген
тіркестер
қолданылады. Адресатқа «Сіздің ұсынысыңызды мұқият қарап...», «Сіздің
ескертпелеріңізді жан-жақты зерделеп...», шешімдер қабылдағанда: «есепке ала
отырып», «назарға ала отырып», «басшылыққа ала отырып» және т.б. тіркестер
қолданылады.Қызметтік хаттардың мақсаты іс-әрекетке кірісудің қажеттігін
сендіру, көрсету, түсіндіру.
Қызметтік хаттар түрлері:
1.қызметтік – служебные
2.ілеспе – сопроводительные
3.хабарлама хат – письмо-извещение
4.жарнамалық хаттар – рекламное письмо
5.шақыру хат – письмо-приглашение
6.растау хат – письмо-подтверждение
7.ескертпе хат – письмо-напоминание
8.бастама хат – инициативное письмо
9.кепілдік беру хат – гарантийное письмо
10.коммерциялық хат – коммерческое письмо
11.жауап хат – письмо-ответ
Достарыңызбен бөлісу: