62
Тарихымыздың, оның ішіндегі әдебиетіміздің ақтаңдақ
беттері аршылғалы
ХХ ғасыр басындағы әдеби ағым-бағыттар айқындалып, сол ағым-
бағыттардың кӛшбасшысы болған ақын-жазушылардың шығармашылықтары
кең түрде зерттеліне бастады.
Абай негізін қалаған жазба әдебиеттің ең бір шырқау биікке кӛтерілген
тұсы – ХХ ғасырдың бас кезі. Бұл тұста қазақ әдебиетіне бірі кеш, бірі ерте
қос арнадан нәр алған, батыс пен шығысты тел емген, Абай туын биікке
кӛтерген Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт,
Мағжан сынды әдебиет алыптары келді. Бірінің қанатын кеңге жайып, алыс-
жақынды
биіктен шала бастаған, екіншілерінің әдебиет биігіне енді қанат
қаға бастаған тұсы – осы. Оларды біріктіретін де, ерекшелендіретін де бір
ғана ұлы күш – ұлтын ояту атты ұлы арман. Осы асқаралы мақсатқа жету
жолындағы сан тарау соқпақты әрқайсысы ӛз ой-ӛрісі межесінен таңдады,
таңдағанын нақты сара жол деп таныды.
Осынау сара жолды таңдауда сан қилы кереғар пікірлер туындап,
арыстарымызды сан қиырға салған адасулар да болды. Ендеше бұл кезеңнің
әдебиеті – қоғамдық ой-санадан туындаған қарама-қайшылықты кӛзқарастар
жемісі.
ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің үш бағыты
бар екендігі талайдан
айтылып келе жатқан жайт. Атауын мың құбылтып, айдар тағудан
жаңылмағанымызбен, әйтеуір сол үшеудің тӛңірегінен табылып жатамыз. Үш
бағыттың алғашқысын “діни-ағартушы ағым” деп атаған еңбек те жарық
кӛрді (У.Қалижанұлы “Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым”). Мұны
ағым емес, бағыт деп танитынымызды, оған не себеп екенін біз жоғарыда
айттық. Діни-ағартушы бағытқа арналған тарауда арнайы тағы тоқталамыз.
Екінші бағытты ағартушы-демократтық бағытты бұрыннан солай атап
келеміз, түпкілікті дәлелденген нәрсе. Үшінші
бағыт туралы әрқилы
кӛзқарастар бар. Біз бұл бағытты ұлт-азатшыл бағыт деп атағанды жӛн деп
таптық.
Жалпы ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиетке тән басты ерекшелік – ұлт қамы
қай бағыт ақын-жазушысының шығармашылығы болмасын ортақ тақырып
ретінде кӛрініс табуы. Олар ӛз ұлтының ӛзге ӛркениетті елдердің қатарынан
кӛрінуін аңсап, ел тілегінен шығып, әдебиеттің ұлттық рухын шырқау биікке
кӛтерді. Қазақ халқының алдында тұрған асқарлы мақсаттарды әрқайсысы
әлқадырынша, ой-ӛрісінің жеткен қырынан тани отырып, негізгі мәселе
ретінде қоя білді.
Осы ірі тұлғалардың шығармашылығы арқылы жазба әдебиетіміз
ӛркендеп, сан-салалы тақырыптарды қамтып тарамдала түсті. Қалыптасқан
әлеуметтік-қоғамдық жағдайлар жазба әдебиетті
бұрын-соңды болмаған
деңгейге кӛтеріп, оның ой-сана оянуының басты құралына айналуына ықпал
етті. Ол жағдайлар – атап айтсақ, біріншіден, оқу-ағарту жұмысының
63
бұрынғы кезеңдерге қарағанда біршама жақсы дамуы. Әдебиет үшін ең
керегі оқырман қауым болса, ХХ ғасыр басында мектептер кӛптеп ашылып,
әдебиет сүйер қауым кӛбейді. Екіншіден, ХХ ғасыр басында әдебиеттің
құлашын кеңге жайып, ӛркендеуіне қазақ баспасӛзінің
дамуының ең басты
қозғаушы күш болғанын атап ӛтуіміз керек. “Айқап”, “Қазақ”, “Қазақстан”,
“Ешім даласы” сияқты баспасӛз беттерінде әдебиетіміздің ірілі-ұсақты
ӛкілдері ӛз шығармаларын жариялап отырды. Бұл басылымдар ӛз кезегінде
жаңа шығармаларға сын айтып, бағыт-бағдар берді. Әдебиетіміздің ӛркен
жайып, жандана түсуіне, қоғамдық ой-пікірді ӛрістетудің маңызды құралына
айналуына осындай объективті себептер әсер етті.
Ұлт зиялыларының отаршылдыққа қарсы күресте елдің басын біріктіріп,
саяси-күреске ояту іс-әрекетіндегі кӛздеген мақсаттары әдебиетте айқын
кӛрініс тауып отырды. Жалпы ХХ ғасыр басындағы әдебиетке тән тағы бір
ерекшелік – әлеуметтік-саяси мәселелерді кӛп кӛтергендігі.
Отаршылдық
талқысы езіп-жаншып, жері талан-таражға түскен, халқының тоз-тозы
шыққан, бірліктен кетіп, берекесінен айрылған елінің қара түнектегі жағдайы
қай бағыт ақын-жазушыларының шығармашылығында болмасын ортақ
тақырып ретінде кӛрініс тапты. Мәселен діни-ағартушы Мәшһүр-Жүсіп
Кӛпеевтің
Достарыңызбен бөлісу: