55
аймақтарда аяздық үгілу мен солифлюкция процесі қарқынды түрде жүреді.
Мәңгі тоң тараған аймақтарда
құрылымдық топырақтар (структурные
грунты) деп аталатын ерекше микро және мезобедер пішіндері кең тараған.
Мұндай пішіндер әртүрлі суға қаныққан топырақ массасының іріктелу
(сортировка) нәтижесінде және олардың қатуы немесе еруі бірнеше мәрте
болғаннан кейін қалыптасады. Олардың ішінде: тасты көпбұрыштар (каменные
многоугольники), тасты сақиналар (каменные кольца), тас жолақтар (каменные
полосы) кездеседі.
Мәңгі тоң топырақтар дамыған аймақтардың өзендері де өзінше
ерекшеліктерімен сипатталады. Өзен суының
мол болуы бір жағынан тоң
топырақтардың еруі, екіншіден, судың фильтрациясы мүлдем болмауына
байланысты. Мұндай суы мол өзендердің ағыны да өте жылдам болып, бүйірлік
эрозия арқылы аңғарларды қарқынды түрде кеңейтеді. Бұған судың жылулық
қасиеті жағадағы
тоң топыраққа әрекет жасап, аңғардың одан әрі кеңеюіне
қолайлы жағдай жасайды.
Сөйтіп, мәңгі тоң тараған аймақтар өзіне тән айырмашылығымен және әр
түрлі микро-мезобедер пішіндермен ерекшеленеді..
Солифлюкция – грунтты сулармен қаныққан беткейлерден сырғуы. Көп
жылдық тоңбасу аудандарында бұл процесс кең таралған, мұз
басқан су
өткізбейтін грунттардың жазға мезгілде еріген массасаға айналады.
Негізгі әдебиет: 1 [80-84; 84-86 ], 2 [182-195], 4 [88-93; 156-179],
Бақылау сұрақтары:
1. Мұздықтардың жаралу жағдайлары.
2. Қазіргі заманғы мұздықтар.
3. Эрозиялы мұздықты бедер пішіндері
4. Мореналарға сипаттама
5. Мұздықтардың бедер пішіндерінің түзілімі: оз, зандр .
6. Мәңгі тоң басу бедер пішіндері.
Достарыңызбен бөлісу: