374
375
«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
көсемнің қазақ халқынан бірінші шығуы». Демек, қазақ поэзиясы
Абайдан бастап реалистік стильге ауысқан. Абай реалистік әдісті
өз шығармаларына өзек етті.
Қазақ қауымының жаңа тарихи
талабының, жаңа тарихи кезеңінің жаршысы болуды өзіне парыз
тұтқан ұлы ақынға реалистік әдіс орай келді. Ақын тек сол әдіс
арқылы замана шындығын, халқының тілек-мақсатын, оның өршіл
үмітін, гуманистік идеясын айтып бере алу мүмкін деп білді. Ескі
әдістің, кертартпа романтизм әдісінің, оның көркем стилінің жаңа
ойды айтуға тапшы екенін айқын сезінді.
Абай поэзиясы – өміршең поэзия. Ол адамзат ұрпағымен бірге
жасайды. Әр ғасыр, әр заман, әр ұрпақ ол туралы, оның поэзиясы
туралы өз түсінік-пікірін, сыншыл көзқарасын, талғам тұшымын,
байлам-шешімін, әлеуметтік, философиялық,
эстетикалық
тұжырымын айтып келеді, айта да бермек. Ұлы ақынның
поэтикалық жолдарын оқыған сайын, онан жаңа ой, жаңа өрнек
тапқандай боласың. Оның ұлылығы да міне, осында.
Академик В.В. Виноградов ұлы Пушкинді орыс әдебиетіндегі
жаңа стиль басы дейді. Ұлы Абай да – біздің туған әдебиетіміздің,
жаңа
поэтикалық өрнектің, жаңа стильдің басы. ХІХ ғасырдың
екінші жартысындағы әдебиетіміздегі үстем стиль – реалистік
стиль – Абай есімімен байланысты [1].
Абайдың жаңа бағыттағы, жаңа үлгідегі ақын екенін Академик
М. Әуезов дөп басып, дәл көрсетеді. «1882 жылдардағы, -дейді
ол, - «Қан сонарда» сияқты өлеңнен бастап нені көріп, нені сезініп,
нені жыр етіп толғанса, бәрінде де әр жерде реалистік шеберлікті
танытады. Өлеңнің өрнегі мен жаңалықтары, соныдан соныға түсіп,
үдеп, өсіп отырады. Абай мүлде қазақ поэзиясында бұрын болмаған
ойларды айтып, болмаған шеберлікті тауып, соның барлығында
өзге елдердің классикалық поэзиясын меңгерген мәдениеттілік,
шеберлікті танытатынын көреміз».
Жаңа заман, жаңа белес соны да тың ақындық лепті қажет
етті. Абай – осы тарихи даму кезеңінің жемісі. Өйткені қоғамның
саяси, экономикалық өрісі, әлеуметтік таптардың арасындағы жаңа
қатынастар, қоғам
өміріндегі жіктелу, қайшылықтардың барған
сайын тереңдей, шиелінісе түсуі қазақ қауымының алдына соны
талаптар қойды. Жаңа мақсат – міндеттерді алға тартты. Заманның
көкейтесті проблемасы өзінің шешімін күтті, санашыл, ойшыл
көсемін, ақындық үнін қажетсінді. Осындай тарихи қажеттілік
Абайды тарих сахнасына шығарды [2].
Көпке мәлім, озық ойшылдар да, көреген саяси қайраткерлер
де үздік шешен ділмарлар да, ерен ғалымдар да, асқан қолбасылар
да, кемеңгер өнер иесі ақындар да осындай оқыс бұрылыс, серпіліс,
арпалыс заманында дүниеге келген.
Ақын – өз заманының төтенше өкілі, өз дәуірінің перзенті,
соның үні. Олай болса, қазақ өмірінің аласапыран шындығы, тартыс
– тіршілігі, шамырқанған кекті ызасы,үміт – арманы, тілек – тілеуі
ұлы Абайдай тұлғаны дүниеге алып келді.
Қазақтың профессионалдық әдебиетінің қалыптасуы,
қазақ
әдеби тілінің, жаңа әдебиетті тууы ұлы Абайдың есімімен, оның
озық поэтикалық туындыларымен байланысты.
Абайдан бұрынғы қазақ әдебиеті ауыз әдебиеті стилінен аса
алмады. Дулат, Бұхар, Шортанбай өзіндік ақындық үн, дарыны
бар атақты ақын болғанымен, академик Мұхтар Әуезов айтқандай,
фольклор көлеміндегі ақындар ғана боп қала берді.
Ал Абай – олардың поэзия үлгілерінен мүлде жаңаша үлгі
жасаған ақын. Жүрегі «Қалың елім қазағым, қайран жұртым»деп
соққан халық перзенті Абай өз халқының тағдырына терең
көз жібере білді. Ол оның көшін артқа емес, алға бастады. Ол
халқының бүгініне де, ертеңіне де жіті көз жіберді. Әділет, еркін
туын поэзиясына арқау етіп, халқының ой-санасын өлеңмен оятып,
көңілін сергітер, еңсесін көтерер, мол жігер – қайрат берер рухани
қару етуді мақсат етті. Абай шығармаларының стильдік бағытын
айқындаған да осы озық идея [3].
Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға
жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы
идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі
білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз
оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба»
деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты.
Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап,
керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар
аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық
білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.
Бұл тұжырымдар қазір де өзекті.
Тіпті бұрынғыдан да зор
маңызға ие болып отыр. Себебі, ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты
биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз.
Ақын ел-жұртын түрлі өнерді игеруге үгіттеді. Соның бәрі
уақыттың талабы екенін ол анық аңғарып, ұлтына ертерек үн қатты.
Тіпті қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы