Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Стансаларда коммерциялық және жҥк операцияларын



Pdf көрінісі
бет25/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

5.3. Стансаларда коммерциялық және жҥк операцияларын
атқаратын техникалық қҧралдар 
Жүк стансасының техникалық жарақтануы оның міндетіне, жұмыс 
кӛлеміне, жергілікті жүк ағындарының келуі мен жӛнелтілу сипатына және 
олардың жүк қосындарына, оның ішінде жалпы жұрт пайдаланатын және 
пайдаланбайтын орындарға бӛлінуіне, ӛнеркәсіп орындарының, базалардың, 
ауыстырып тиеу қосындарының қосылуына және олардың техникалық 
жарақтануына қарай анықталады. 
Коммерциялық 
және 
жүк 
операцияларын 
жүргізетін 
теміржол 
стансаларында тиісті жол желісі (қабылдау-жӛнелту, сұрыптау және тартым 
жолдары), сондай-ақ тиеу-түсіру құрылыстары мен құрылғылары, ашық және 
жабық қоймалар мен жайдақ вагондар, контейнерлерге, ауыр салмақты және 
басқа жүктерге арналған алаңдар, эстакадалар, биіктетілген жолдар, вагондардан 
тікелей автокӛліктерге немесе қоймалар арқылы ауыстырып тиеу құрылғылары; 
үйінді жүктерді, доңғалақты техниканы және басқа жүктерді түсіруге арналған 
жайдақ вагондар мен алаңдар болуы кӛзделеді. Жүк құрылғылары мен жол желісі 
біртекті жүктерді ӛңдеуге арналған мамандандырылған алаңдармен бірге бір жүк 
ауданына шоғырландырылады. Кейде қайсыбір жүк түрлерін ӛңдеу үшін 
стансаның шегінде бірнеше маманданған жүк аудандары салынады. 
Пойыз құжаттарын толтыру және ӛңдеу, пойыздардың, вагондар мен 
жүктердің келуі туралы жан-жақты ақпараттар жинау, жүк стансасының жұмысын 
жедел жоспарлау үшін мағлұматтар дайындау стансаның технологиялық 
орталығында (СТО) жүзеге асырылады. 


33 
С габариті
Тиеу
габариті
1625
1625
53
00
27
70
43
00
2450
2450
1520
12
30
55
00
58
00
2600
2600
70
0
70
0
5.1-сурет. Габариттік қақпа 
Жүк стансаларында СОБ және байланыс, жарық беру және сумен 
жабдықтау құрылғылары, кейде маневр локомативтерін жабдықтайтын 
құрылғылар, вагондарды тиеуге дайындау қосындары, вагондарды тазарту және 
жуу жолдары, тазарту құрылыстары және т.с.с. болады. 
Егер стансаның жұмысы автоматтандырылған басқару жүйесіне негізделген 
болса, онда жергілікті желімен байланыстырылған (екі машина тұрақты жұмыс 
істейді, үшіншісі – шұғыл резервте тұрады) ЭЕМ-нің үш жиынтығымен 
жабдықталған машина залы болуға тиіс. ЖЭЕМ-мен жабдықталған жұмыс 
орындарындағы абоненттер ЭЕМ-ге қосылады. 
Сонымен қатар, жүк стансаларында тиеу-түсіру машиналарын күтіп-баптау 
және жӛндеу қосындары, әкімшілік-тұрмыстық және қызметтік-техникалық 
ғимараттар, вагондық таразылар, басқа да құрылыстар мен құрылғылар болуы 
кӛзделеді. Ашық жылжымалы құрамға (жайдақ және ашық вагонға) тиеудің 
габариттігін тексеру үшін тиеу жолдарынан шығаберісте габарит қақпаларын (5.1-
сурет) орнатады. Қақпаның ішіне тиеудің шекті жиегін білдіретін жіңішке 
планкалар ілінеді. Осы шектен асатын кӛлемді жүк ерекше жүру тәртібін сақтау 
арқылы ғана тасымалдануы мүмкін. Тиеу габаритін электрондық бақылау жүйесі 


34 
жүктің кӛлемдігі туралы белгі береді. Онда кез келген жағдайда асқан 
сенімділікпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін лазерлік және инфрақызыл 
датчиктер қолданылған. Бұған қоса, электрондық габариттік қақпадан белгілер 
келетін ЭЕМ-дегі арнайы бағдарлама жүріс кезіндегі теңселуден жылжымалы 
құрам құрылысының габариттен кездейсоқ шығып кету жағдайын айқын кӛрсете 
алады. ЭЕМ жүктің кӛлемдігін және кӛлемділік дәрежесін іс жүзінде адамның 
қатысуынсыз анықтайды. 
Вагондардың тӛбесін және ашық вагондар шанағының ішкі бӛлігін тексеру 
үшін прожектордың жарығы және ақаулы вагондарды немесе жүк қалдықтары 
тазартылмаған вагондарды анықтайтын құрылғылары бар шолу мұнараларын 
орнатады. Осы мақсатта нысанға жақын қашықтықтан сағатына 40 км және одан 
астам жылдамдық жағдайында айқын бейне алып, бейнежазба түсіруге мүмкіндік 
беретін теледидар камераларының жетілдірілген түрлері бар ӛнеркәсіптік 
теледидар құрамдары қолданылуы мүмкін. 
Жүк стансаларында технологиялық үрдісті басқару үшін телефон 
байланысы, пойыздық және маневрлық радиобайланыс, телеграфтық, парктік 
дыбыс үдеткіш байланыс, диспетчерлік талғамалы байланыс, құрастырылатын 
және таратылатын пойыздардың құжат пакеттерін жеткізу үшін пневматикалық 
пошта кеңінен пайдаланылады. Бұрмалар мен сигналдарды басқару, пойыздық 
және 
маневрлық 
маршруттарды 
дайындау 
үшін 
маршруттық-релелік 
орталықтандырудың осы заманғы жүйелері пайдалануда, олар электрондық 
элементтік базаны пайдалану арқылы жетілдіріп, АСУГС-імен үйлестіріледі. 
АСУГС-іні (ЖСАБЖ – жүк стансасын автоматтандырылған басқару жүйесі) 
ендіруге 
байланысты 
стансаның 
негізгі 
басқару 
қызметшілері 
автоматтандырылған жұмыс орындарының дисплей, шағын жеке ЭЕМ, график 
сызғыштар секілді құралдарын пайдаланады. Жүк стансаларында әр түрлі жүйеге 
жататын қол радиостансалар, жүк стансасы мен кірме жолдардың бүкіл аумағын 
қамтитын микроұялы телефон байланысы жүйесі қолданылады.
Жүк стансасы аумағында шаң-тозаң шығаратын, ақтарыла тиелетін, 
химиялық және басқа жүктер сақталатын қоймалар мен тұрғын үйлер құрылысы 
арасында санитариялық қорғаныш аймақтары болуға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет