Практикум 1219000 «Нан пісіру, макарон жəне кондитерлік өндірісі»


Ашытқының көтерілу күші мен қышқылдығын анықтау



Pdf көрінісі
бет20/149
Дата20.01.2023
өлшемі4.42 Mb.
#468568
түріПрактикум
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   149
14. Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісінің технологиясы бойынша зертханалық практикум

Ашытқының көтерілу күші мен қышқылдығын анықтау 
 
Құрал-жабдықтар: зертханалық таразылар, титрлеу аспабы, 
фенолфталеин, 0,1н NaOH, 250мл колбалар, фарфор ыдыстар, химиялық 
стакандар, термостат, шыны таяқшалар, шпатель. 
Ашытқының көтерілу күшін стандартты əдіспен анықтау 
Ашытқы қамырды жылдам көтерілген сайын, сапасы жоғары болып 
саналады. Ашытқының көтерілу күші стандартты əдіспен немесе шарикті 


19
Ылғалдың массалық үлесі бойынша өнімнің энергетикалық бағасын 
анықтайды. Сығымдалған ашытқының ылғалдылығы - 75%; кептірілген 
жоғары сұрыпта - 8%; кептірілген бірінші сұрыпта - 10%; 1л ашытқы сүтінің 
75% ылғалдылыққа есептелген құрамында кемінде 450г ашытқы болуы тиіс. 
Стандартты əдіспен ашытқының ылғалдығын анықтау 
Алдын ала кептірілген 0,01г-ға дейінгі дəлдікпен өлшенген бюкстерге 
салмағы 5г-нан екі ұн үлгісін салады. Ұн салынған бюкстерді 140
0
С 
температураға дейін қыздырылған СЭШ-3М электр кептіру шкафына қояды. 
Бюкс қақпақтары ашық жəне түбіне төселуі тиіс. Үлгілері бар бюксты 
шкафқа салғаннан соң шкафтағы температура біршама төмендейді. Кептіру 
шкафында уақытты есептеу шкафтағы температура 130
0
С жеткен сəттен 
басталады. 130
0
С температурада кептіру 50 минут бойы жалғасады. Тигельді 
қысқыштармен бюкстерді алып, қақпақпен жауып, эксикаторда 20 минут 
салқындатады. 
Ылғалдың массалық үлесі (%): 
(1.4) 
Мұндағы: 
- кептіргенге дейінгі жəне кейінгі бюксі салмағы, г; 
-үлгі салмағы, г; 
 
МХ-50 ылғал өлшегіш құралында ашытқының ылғалдылығын 
анықтау 
МХ-50 ылғал өлшегіші: қыздырғыштың қақпақтары, үлгі үшін ыдыс, 
ыдыс ұстағыш пен сақинадан тұрады. Құралды іске қосар алдында деңгейі 
бойынша орнатылғанына көз жеткізеді. Құралды қосып, сақинаға үлгісіз 
ыдыс ұстағышты орнатады, қақпағын жауып, RESET пернесін басу арқылы 
құралды нольге келтіреді. Ары қарай құралдан ыдыс ұстағышты алып, үлгіні 
бірқалыпты бөліп, ашытқысы бар үлгіні ыдысқа салып, оны құралдың 
сақинасына қояды. Қақпақты жауып, START пернесін басады. 
Ылғалдылықты анықтау температурасы 130
0
С. Өлшеу аяқталғаннан кейін 
дыбыс сигналы беріледі, дисплейде зерттелетін үлгіде ылғалдың мөлшері 
пайда болады. Қыздырғыштың қақпағын ашып, ыдыс ұстағыштың көмегімен 
сынаманы алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет