Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет28/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

«Домино - 2» 
 
Қатысушылар столды жағалай отырады. Қолдарына открытка 
қиындылары немесе балаларға арналған суретті лото не әріптерден қиылған 
карточкалар таратылып беріледі. Бірінші қатысушы өзінің суретіне 
байланысты әңгімені бастайды. Бұл ертегі, қияли, күлкілі әңгіме т.с.с. болуы 
мүмкін. Ең бастысы, қолындағы сурет қамтылуы тиіс. Осы суреттің 
қиындысы бар келесі ойыншы әңгімені жалғастыруы керек. Осылайша басы 
бүтін бір әңгіме айтылып шығады.
«Допты лақтыру» 
 
Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы 
сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере 
алмаса, доптыбасқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды
бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді. 
36 


«Достармен кездесу уақыты» 
Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне 
ұқсас бір жанды тауып әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы, 
сенің көзіңнің түсі маған ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып 
қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, 
сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады. 
 
 «
Дұрыс емес пікір» 
Талқылау үшін дұрыс емес жауаптарды қолданыңыз. 
Дұрыс емес болғаны үшін ғана жауапты іріктеудің немесе «бұл қызық» 
фразасын қолданудың орнына, үдерісті ашып көрсету үшін ойлау барысының 
дұрыс емес бағыт алуына әкелетін сұрақтарды қолданыңыз.
Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі және қате үшін жазғыру 
болмайтын атмосфера орнатады.
«Мен бұл жауап дұрыс емес екеніне қуаныштымын... ендеше талқылап 
көрейік...».
«
Дыбыстау» 
Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың 
деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың рөлге 
еніп, дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе 
де болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет