Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті

Pdf көрінісі
бет16/68
Дата13.02.2023
өлшемі2.25 Mb.
#469484
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
5ББЖБ тіл

Бағалау 
критерийі:
 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі: 
Білім алушы 
 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді; 
 Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды; 
Мәтіннен омоним, антоним, синоним сөздерді 
анықтайды. 
Қолдану 
Орындау уақыты: 
20 минут 
Тапсырма 
Берілген мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз. 
Аққу 
Аққу – өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері 
сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. 
Аққуды көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтеген. 
Аққу әнші құстардың қатарына жатады. 
Сәуір айының көгілдір аспанында үлкен ақшаңқаң құстардың сұлу мойнын 
соза тастап, қанатын баяу сермеп бара жатуы – естен кетпес ғажап сурет. Қалың 
орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққуды көру-одан да сұлу құбылыс. Аққу 
суда дыбыс шығармай жеңіл жүзеді, ал астындағы су жарқырап, маржанның 
түсіне енеді. Аққудың әрбір қимылы: артына бұйра толқын тастап жүзіп бара 
жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды өбіп қанатымен күміс тамшы себелеп 
шомылуы, ауаны қақ жара көкке көтерілуі – бұл бір қайталанбас әсем көрініс. 
Аққулар – табиғаттың аса ғажап және сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде 
оларды аулауға тыйым салынған. (118 сөз) 
(http://bilim-all.kz) 
Мәтін бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 
1. Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.
А) Аққу суда дыбыс шығармай жеңіл жүзеді. 
Ә) Аққу - тазалық пен нәзіктіктің белгісі. 
Б) Аққу әнші құстардың қатарына жатпайды. 
В) Аққуды аулауға тыйым салынған. 
2. Мәтіннен 2 негізгі, 2 қосымша ақпараттарды анықтаңыз. 
Негізгі ақпарат:
1)____________________________________________________________________ 
2)____________________________________________________________________ 

20 
Қосымша ақпарат: 
1)____________________________________________________________________ 
2)____________________________________________________________________ 
3. Мәтіннен 4 омомним сөз табыңыз. Олардың омонимдік мағынасын 
мысалдармен дәлелдеңіз.
_____________________________________________________________________ 

4. Берілген сөздердің антонимін айтыңыз. 
Күшті – ____________________ 
Үлкен – ____________________ 
Көтерілу – __________________ 
Баяу – ______________________
5. Мәтіннен төменде берілген сөздердің синонимін табыңыз. 
Қасиетті ____________________ 
Мықты _____________________ 
Әдемі ______________________ 
Қағып ______________________ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет