24
«Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Тыңдалған
мәтіннің
мазмұнын түсінеді.
Тыңдалған
мәтіннің
мазмұнын
түсінуде қиналады.
Тыңдалған
мәтіннің мазмұнын
түсінуде қателеседі.
Тыңдалған
мәтіннің
мазмұнын
түсінеді.
Негізгі
және
қосымша
ақпараттарды анықтайды.
Негізгі және қосымша ақпараттарды
анықтауда қиналады.
Негізгі
және
қосымша
ақпараттарды
анықтауда
қателеседі.
Негізгі
және
қосымша
ақпараттарды анықтайды.
Мәтіннен
омоним,
антоним, синоним сөздерді
анықтайды.
Мәтіннен
омоним,
антоним,
синоним
сөздерді
анықтауда
қиналады.
Мәтіннен
омоним,
антоним,
синоним
сөздерді
анықтауда
қателеседі.
Мәтіннен
омоним,
антоним,
синоним сөздерді анықтайды.
25
«Бос уақыт және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Оқу мақсаты:
5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік
айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;
5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен
құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазу;
5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және
күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім
барысында қолдану.
Бағалау
критерийі:
Ойлау
дағдыларының
деңгейі:
Білім алушы
Берілген мәтіндегі
ауызекі сөйлеу және жазба
стиліне тән белгілерді анықтайды;
Рәсімделуі мен құрылымы бойынша жанрлық
ерекшеліктерін ескеріп, хабарландыру жазады;
Туынды және күрделі сөздердің грамматикалық
нормаларын сақтап, жазбаша жұмыста
қолданады.
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты:
20 минут
Тапсырма
1.Берілген мәтіндерді мұқият оқыңыз. Төмендегі кестеге сәйкес салыстырыңыз.
1-мәтін
2-мәтін
Стилі
Жанры
Құрылымы
Тілдік ерекшелігі
1-мәтін
– Сәлеметсіз бе, әже?
– Аманбысыңдар , қарақтарым!
– Әже, Айман үйде мекен?
– Немерем ертеңгі көркемөнерпаздар концертіне дайындалып жатыр.
–
Со концертке мен де қатысам, әжетай, би билеймін!
– Ал мен оркестрде домбыра тартам.
– Ой, айналайындар, талаптарыңа нұр жаусын!
– Әже, Айманға қобызды кім үйретті?
– Оны музыка мектебіне барып үйренді ғой.
– Айман қобызды жақсы тартат, күйлерін ұйып тыңдаймыз.
– «Өнерді үйрен де жирен» деп атамыз қазақ тауып айтқан. Өнерлерің өрге
жүзсін!
– Рахмет, әжетай!
26
2-мәтін
Хабарландыру!!!
Құрметті қала тұрғындары!
13-14 желтоқсан күндері облыстық тарихи-өлкетану
мұражайының көрме
залында Тәуелсіздік күніне орай «Менің елім!» атты сурет көрмесі өтеді.
Көрмеге отандас талантты жас суретші, өнер
шеберлерінің тырнақалды
туындылары қойылады. Республикалық деңгейдегі өтетін іс-шарада майлы
бояулы
суреттер, қолөнер туындылары, графикалар,
фото туындыларды
тамашалай аласыздар. Көрменің жұмыс уақыты: 9:00-18:00
Бағдарламада:
– Жас суретші, өнер шеберлерімен сұхбат;
– «Тәуелсіз Қазақстан» деректі фильмінің тұсаукесері;
– Көрмеде қойылған туындыларды тамашалау.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының әкімшілігі
2. Қала тұрғындарының бос уақыттарын өткізулеріне арналған қандай да бір
шараның хабарландыру мәтінін құрастырыңыз.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Берілген кестеге сәйкес күрделі сөздерге бірнеше мысал келтіріңіз.
Біріккен сөз
Қос сөз
Қысқарған сөз
Тіркесті сөз
Достарыңызбен бөлісу: