165
Торлы қабықшада сары дақпен қоса
соқырдақ та кездеседі. Бұл жер-
ден көздің көру жүйкесі өтеді. Мұнда көру рецепторлары – таяқша да,
құтыша да болмайды. Сондықтан осы жерге түскен бейнені көру рецеп-
торлары қабылдамайды, яғни біз көрмейміз. Көру рецепторлары үлкен
ми сыңарларының шүйде бөлігінде шоғырланып орналасқан.
Дәл осы
жерде көру рецепторлары талдау жасап, түстерді қабылдайды. Сол кезде
біздің көзіміз заттың бейнесін көре алады.
Мида заттың бейнесі «төңкеріліп» қабылданады. Көз бұршағы арқылы
заттың бейнесі «төңкеріліп», ал торлы қабықшада заттың бейнесі дұрыс
қабылданады. Адам баласы туғаннан бастап және тепе-теңдік мүшесі
қалыптасқанға дейін заттың бейнесін төңкерілген қалпында қабылдайды.
Нәресте басын дұрыс ұстай бастаған кезден шамамен 3 айдан бастап олар-
да «жоғары», «төмен» деген ұғым қалыптасады.
Сол кезде ми торлы
қабықшада заттың бейнесін «қайта төңкеріп», әлемді дұрыс қабылдай
бастайды.
ішкі құлақтағы ұлуденеде орналасқан кірпікшелі жасушаларды
есту
рецепторлары деп атайды
. Бұл жасушаларда естумен қатар, тепе-теңдік
мүшесі – вестибула аппараты да қалыптасады.
Есту рецепторларындағы жүйке импульсі ұлуденедегі сұйықтықтағы
тербелістен пайда болады. Есімізге түсірейік,
дыбыс дабыл жарғағын
тітіркендіреді, ол ортанғы құлақтағы дыбыс сүйекшелерін тербелтеді,
дыбыс сүйекшелері ұлуденедегі доғаның
мембранасын және ондағы
сұйықтыққа әсер етеді.
Кірпікшелі жасушалар кәдімгі механикалық рецеп торлар болып та-
былады.
Онда қысымның әсерінен емес, механикалық әсерден жүйке
импульсі пайда болады. Адам ның есту рецепторлары өте сезімталдығымен
ерекшеленеді.
Иттердің есту қабілеті 5 еседей жоғары. Ғалым дардың айтуы бойынша
иттер жаздыгүні ыстық лептің салқынға ауысуын да естиді екен. Егер
де кірпікшелі жасу шаларды Эйфель мұнарасы деп алатын болсақ, оның
жоғары басының 12 см ауытқуы жүйке импульсін тудырар еді.
Таяқша тәрізді жасушалар, құтыша тәрізді жасушалар, йод-
опсин,родопсин,сарыдақ,түктіжасушалар.
Достарыңызбен бөлісу: