А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет121/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   231
Көру гигиенасы.
Көздің­көру­қабілетін­сақтау:­
• көзді бөгде денелердің түсуінен, зақымданудан қорғау керек
• жарық режімін реттеу: жарық жарқыраған немесе көмескі болмауы 
тиіс; 
• оқу және жазу кезінде жарық сол жақтан түсуі керек; 
• кітап пен көз арақашықтығы 30–35 см болуы тиіс;
• теледидарды көру ұзақтығы 2,5–3 сағат, ал оған дейінгі қашықтық 
3 м-ден кем болмауы керек
• А дәруменіне бай тағамдарды пайдалану; 
• ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіре шұғылданған жөн
• темекі тарту және алкогольді ішімдік ішу зиянды әсер етеді; 
• жатып немесе көлікте кітап оқуға болмайды;
• Көзге қышқыл, сілті және бөгде зат түскен жағдайда оны сыртқы жа-
ғынан ішке қарай жуыңдар. Көзді таза әрі жұмсақ орамалмен (сүлгімен) 
сүрту керек. 
Фоторецепторлар,­ көз­ алмасы,­ қасаң­ қабық,­ тор­ қабық,­ ақ­
қабық,­ тамырлы­ қабық,­ алдыңғы­ камера,­ көзбұршақ,­ шыны­
тәрізді­дене,­соқыр­дақ,­сары­дақ;­көру­жүйкесі,­конъюктивит,­
дальтонизм,­ аккомодация,­ жақыннан­ көргіштік,­ алыстан­
көргіштік.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


159
Білу және түсіну:
1. «Рецептор» деген түсінікке анықтама беріңдер. Сезім мүшелерінде 
олардың қанша типі орналасқан?
2. Көз қабықтарын және олардың бөліктерін атаңдар.
3. Көру мүшесінің «қосымша бөліктері» деген сөз тіркесін қалай 
түсінесіңдер? 
қолданылуы:
1. Көруді сақтауға мүмкіндік беретін ережелерді атаңдар. 
2. Мынадай құрылымдардың құрылысы мен қызметі арасындағы байла-
нысты анықтаңдар:
қасаң қабық;
– ақ қабық;
нұрлы қабық;

тамырлы қабық; 

торлы қабық.
Талдау:
1. Көз құрылымдары арқылы жарық сәулелерінің өту кезеңдерін 
талдаңдар. 
2. 88-суретті қараңдар және көз алмасы құрылымының орналасуын 
түсіндіріңдер. 
Синтез:
1. Талқылаңдар: эволюция барысында көзбұршағы қалып таспаған 
ағзалардың жарық пен қараңғылықты ажырата алуын, бірақ заттар-
ды көрмеуін талдаңдар. 
2. Көздің әрбір оптикалық жүйесінің құрылысы мен қызметі арасындағы 
өзара байланысты анықтаңдар. Мәліметтерді кесте түрінде рәсімдеуге 
болады. 
Бағалау:
Заттардан жарықтың шағылысуынан бастап, көрген бейнені сезінумен 
аяқтап, көру қабылдауы кезінде жүретін үдерістерді дұрыс ретпен 
орналастырыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет