162
Дыбыс тербелісі мынадай жолдан өтеді:
Дыбыс
толқыны
есту жолы
дабыл жарғағының тербелісі
есту сүйекшесінің тербелісі – сопақ терезе жарғағының тербелісі –
ұлуденедегі
сұйықтықтың тербелісі
есту рецепторларының
тітіркенуі
жүйке импульсінің пайда болуы.
Вестибула аппараты
екіқапшық пен
үшжартылайиірімөзектерінен
тұрады. Олардың қуысы сұйықтыққа толы. Әрбір өзектің қабырғасында
рецепторлар мен кальцийдің ұсақ кристалдары болады.
Дененің қалпы өзгергенде кристалдар
қысымы рецепторларда қозу
тудырады. Пайда болған жүйке импульстері миға өтеді.
Адам үшін есту мүшесінің маңызы зор. Әсіресе сөйлеу пайда болғаннан
кейін оның маңызы арта түсті. Сөзді біз тікелей есту мүшесі арқылы
қабылдаймыз. Сонымен қатар есту арқылы
қоршаған орта дыбыс тар
әлемінен алуан түрлі ақпарат аламыз.
есту мүшесінің гигиенасы. Есту мүшесі қалыпты жұмыс істеу үшін
оның гигиенасын сақтау керек. Есту жолының түбінде құлық бөлетін без-
дер бар. Құлықтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң-тозаң
зиянды микробтарды ішке өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады.
Дегенмен құлақта құлық көбейсе, адам жақсы естімей қалуы мүмкін.
Сондықтан құлықты тазалап тұрған жөн. Құлақты тазалағанда үшкір,
қатты заттарды пайдалануға болмайды. Себебі дабыл жарғағын зақымдап
алу мүмкін.
Сонымен, есту мүшесіне қатты шу кері әсер етеді.
Қала тұрғындарының дабыл жарғағына қатты шудан үнемі жүктеме
түседі. Тауда өмір сүретін 70 жастағы адамның
есту қабілеті қалада
тұратын 20 жастағы адамның есту қабілетіне сәйкес келетіні анықталған.
Егер қартайғанша қалыпты есту қабілетін сақтағың келсе, қатты шудан
сақтаныңдар. Құлақтарыңды күтіңдер.
Сыртқы құлақ, құлақ қалқаны, есту жолы, дабыл жарғағы,
ортанғықұлақ;естунемесеЕвстахийтүтігі;естусүйекшелері:
балғашық,төстік,үзеңгі;ұлудене,ішкіқұлақ,жартылайиірім
өзектер,вестибулааппараты.
Достарыңызбен бөлісу: