167
§41. гормондар арқылы гуморальды реттелу
Эндокринді, экзокринді және
аралас бездердің орналасқан
орнын анықтау. Бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру
Адам ағзасының қызметін қандай мүшелер жүйесі реттеп отырады?
Барлық жануарларда бұл ағзалар жүйесі дамыған ба? Мұндай мүшелер
жүйесі дамымаған жануарлар, әртүрлі өсімдіктер ағзасының қызметі қалай
реттеледі?
Бездердің секреция типтері бойынша жіктелуі.
Бездер дегеніміз
–
безді эпителий жасушаларынан тұратын мүшелер. Бұл жасушаларда
қандай да белгілі бір заттар секреттеледі. Бездердің ішінде түзілетін зат-
тарды
секреция, ал бөлінетін заттарды
секрет деп атайды.
Олар түзіліп болған соң, безді эпителий жасушаларының мембранасы
арқылы бөлінеді. Безді эпителий жасушаларынан түзілген секреттердің
қайда бөлінуіне байланысты бездерді үш топқа бөледі.
Сыртқысекрециябездері(экзокринді) дегеніміз – жасушаларында
түзілген сұйықтық арнайы өзекшелер арқылы қуыс мүшелерге немесе
сыртқа шығарылады. Сыртқа бөліп шығарушы мүшелерге бауыр, сүт,
тер, сілекей, май бездері мен қарын және ішек бездері (асқорыту) жа-
тады.
Сыртқы секреция бездерінің белгілері:
1)
бөліп шығарушы өзегі болады;
2) секреттері мүшелерге немесе дененің
сыртына бөлінеді (қанға емес);
3) секреттері көп түзіліп, бөлінеді (грамм,
милиграмм). Олар мүшелердің жұмысына
өзгеріс келтірмейді. Сондықтан оларды сөл-
дер деп атайды, мысалы, асқорыту сөлі.
Ішкі секреция бездерінің (эндокринді)
сөл
бөліп шығарушы өзегі бол майды,
сондықтан ол тікелей қанға бөлінеді. Оларға
ги пофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқанша-
маңы бездері, айыр ша без және бүйрекүсті
бездері жатады (95-сурет).
95-сурет. Ішкі және аралас секреция бездері:
1 – гипофиз; 2 – қалқанша без; 3 – айырша без (тимус);
4 – бүйрекүсті безі; 5 – ұйқыбез; 6, 7 – жыныс бездері
1
2
3
4
6
7
5
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
168
ішкі секреция без де рінің белгілері:
1) сөл бөліп шығаратын өзегі болмайды;
2)
сөлі тікелей қанға бөлінеді;
3) оның сөлін
гормондар деп атайды. Олар өте аз мөлшерде бөлінеді,
бірден бірнеше мүше және ұлпаға әсер көрсете алады.
Аралас секреция бездері – бір мезгілде қанға гормондар, өзектерге
сөл бөледі. Ағзада екі аралас сек реция бездері болады.
Олар ұйқы
безі мен жыныс бездері. Әйелдерде: аналық жұмыртқа бездері; ерлер-
де: аталық бездер.
Ұйқы безі қанға инсулин, глюкагон гормондарын
бөледі (37-суретті қараңдар). Бұл оның ішкі секрециялық (эндокриндік)
қызметі. Ал сыртқы секрециялық қызметі: өзінен бөлінетін ұйқыбез сөлі
(панкреатин) өзекшесі арқылы тікелей ұлтабарға құйылады.
Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың
жыныс бездерінде жыныс жасушалары – сперматозоидтар,
әйелдерде
жұмыртқа жасушасы түзіледі. Олар жыныс бездеріндегі өзектерге түседі.
ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген жыныс гормонда-
ры тікелей қанға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: