166
қолданылуы:
1. Сары дақ пен соқыр дақтың ұқсастығы
мен айырмашы лы ғын
айтыңдар.
2. Есту рецепторлары және вестибула аппараттың арасындағы байланыс-
ты сипаттаңдар. Олар механорецепторлар екеніне дәлел келтіріңдер.
Талдау:
1. Есту анализаторлары арқылы дыбыс, механикалық, электрлік (жүйке
импульсі) толқындарының өту сатыларын талдаңдар. Мұның есту
мүшесі арқылы өту айырмашылығы неде?
2.
Есту анализаторы арқылы дыбыс, механикалық және электрлік
(жүйке импульсі) толқындарының өтуін сызба тү рінде бейнелеңдер.
Синтез:
1. Талқылаңдар. Ғалымдар жануарларға тәжірибе жасай отырып, жер-
тесер, көртышқан және егеуқұйрықтарда көру мүшесі
өте нашар
немесе тіпті көрмейтінін дәлелдеген. Кірпілермен салыстырғанда
олардың құлақ қалқандары да нашар дамыған.
Оның себебі неде
екенін түсіндіріп көріңдер.
2. Фоторецепторларды критерийлері бойынша жүйелеңдер: пигмент
типі, торлы қабықтағы орны, жарықты қабылдау, түстерді қабылдау
сапасы мен ерекшелігі.
3. Оларды салыстырыңдар және кестеге түсіріңдер.
Бағалау:
1. Австралиялық зерттеуші көз бұршағының дәлме-дәл көшірмесі тәрізді
көзәйнек ойлап тапты. Ол көзәйнекті киген кезде қоршаған орта
төң-
керіліп көрінді. Көзәйнекті шамамен
бір ай бойы шешпей киген ол
кеңістікте бағдарлай отырып,
өз бетінше тамақ жеп, жүріп, вело-
сипед теуіп үйренді. Ол көзәйнекті шешкенде қоршаған орта қайта
төңкеріліп түскендей болды. Оның қайта бейімделуіне 10 күндей
уақыт қажет болды. Бұл тәжірибенің логикасын түсіндіріңдер және
оған баға беріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: