242
2. Көмірқышқыл газының, фреонның, күкірт
пен азот оксидтерінің
ауаға бөлінуі мен адамзаттың жаһандық экологиялық мәселелері:
озон қабатының тесілуі, қышқыл жауын, жылыжайлық әсер арасында
қандай байланыс бар екенін анықтаңдар.
3. Биологиялық алуантүрліліктің кему себептерін айтың дар.
Талдау:
1. Адамдардың табиғатқа жағымсыз әсерлерінен туындай тын мәселелер,
оның себеп-салдарын сызба түрінде бей не леңдер.
2. Неліктен адамзаттың ғылымдағы ашқан жаңалықтары,
жаңа тех-
нологиялар осы уақытқа дейін экологиялық мәселелерді шеше алмау
себептері туралы өз пікір ле ріңді айтыңдар.
3. Әрбір адам табиғатты сақтауға өз үлестерін қоса алатын дығына
мысалдар келтіріп дәлелдеңдер.
Синтез:
1. Дүниежүзілік тұқым банкі мен ертеден келе жатқан Н.И. Вави-
ловтың дүниежүзілік тұқымдар
топтамасының ұқсастығы мен
айырмашылығын жүйелеңдер.
2. Талқылаңдар:
1) Қандай дамыған елдерде жылыжайлық әсер өте қауіпті және неліктен?
2) Қолда бар биологиялық алуантүрлілікті адамзат сақтай ала ма?
3) Жағдайды модельдеңдер:«Адамзат жаңа, экологиялық таза,
тегін
және таусылмайтын энергия көзін тапты». Бұ ның экология және
экономика саласына қандай әсері болады?
Бағалау:
1. Экологиялық мәселелерді шешу
және одан сақтандыру туралы
«Рим клубы» ұйымы, Киото хаттамасы құжатын (Ол қашан күшіне
енді?) қашан және қандай мақсатта халықаралық Greenpeace ұйымы
құрылғанын айта отырып реферат жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: