А. Соловьева, Б. Ибраимова


§ 60. қазақстанның экологиялық мәселелері



Pdf көрінісі
бет189/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   231
§ 60. қазақстанның экологиялық мәселелері
Қазақстан аумағындағы экологиялық мәселелердің туындау 
себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру
«Экологиялық мәселе» деген терминнен сендер не түсіндіңдер? Сендер 
тұратын жерде осындай мәселелер бар ма? Қазақстанның қандай нысандары 
(объектілері) тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп тұр? 
Қазақстанның экологиялық мәселелерінің шиеленісуі дүниежүзілік 
экологиялық мәселелерден кем емес. Еліміздің тарихындағы ең қайғылы 
парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ полигонының құрылуы болды. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


243
Ең алғаш атомдық жарылыс 1949 жылғы 29 тамызда, таңғы сағат 
7-де естілді. Семей полигонында 450-ден астам жерүсті және же расты 
жарылысының әсерінен атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте 
көп мөлшерде радиоактивті заттар шығарылды. Радиоактивті заттармен 
тек Семей облысы ғана емес, сонымен бірге оған шегаралас жатқан 
көптеген аумақтар (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған 
облыстарымен бірге Ресей Федерациясының Алтай өңірі) ластануға 
ұшырады. Осы аумақтағы жұртшылық пен көптеген тірі ағзалар зардап 
шекті. 
Қазақстанда жүргізілген ядролық сынақтардың салдары әлі күнге 
дейін толық зерттелмеген. Белгілі ақын О. Сү лейменовтің басшылығымен 
құрылған «Семей–Невада» экологиялық қозғалысы қызметінің арқасында 
Семей полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салынды. Бұл 
қозғалысқа халық арасынан көп адам қатысты.
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев республикамызда ядролық 
сынақтар жасауға тыйым салатын мораторий (1991 жылы 29 тамызда 
Елбасының «Семей ядролық сынақ полигонын» жабу туралы Жарлығы) 
жариялады. Ондағы радиоактивті заттардың шоғырланып қалуына 
байланысты соңғы сынақ жасағалы көп уақыт өтсе де, Семей ядролық 
полигоны әлі күнге дейін экологиялық апат аймағы болып саналады. Осы 
күнге дейін полигон аймағындағы топырақ және өсімдіктер ластанған 
күйде қалып отыр. 
Қазақстан үкіметі Семей ядролық полигоны мен оған жақын жатқан 
аудандарда экологиялық мәселелерді шешу үшін іс-шаралар жүргізуде. 
Экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін басқа шет мемлекеттер 
де қаржылай көмек көрсетуде. 
Бүкіл дүниежүзінің назарын аударған Қазақстандағы едәуір күрделі 
экологиялық мәселелерінің бірі – Арал теңізінің тартылуы. Оның негізгі 
себебі мақта және күріш егуге Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын 
тиімсіз пайдалану болды. Адам іс-әрекетінің салдарынан Арал теңізіне 
осы өзендерден су өте аз мөлшерде құйылатын болды. Теңізге бұдан 
басқа келетін су көзі болмағандықтан, шамамен 30 жылдың ішінде Арал 
теңізі суының жартысынан көбін жоғалтып, екі кішігірім теңізге бөлініп 
кетті. Соның салдарынан теңіздің түбі тұзды шөлге айналды. Шаңды 
дауыл арқылы миллиондаған тонна шаң мен тұзды жел көтеріп, едәуір 
қашықтыққа желдің бағытымен таралып, көптеген аумақтарды тұз 
басты. 
Бұл экологиялық апат Орталық Азияның біршама елдеріне зиянын 
тигізді. Бұл елдердің үкіметі Арал теңізін құтқару шаралары туралы 
шарттар жасады. Бірінші кезекте Арал теңізіне құятын өзендер суын 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


244
көбейту жөнінде шаралар қолданатын болды. Теңіз түбіндегі құмдарды 
бекіту үшін ағаштар отырғызу жұмыстары кеңінен жүргізіледі. Арал 
мәселесімен айналысып жүрген эксперттердің айтуынша, теңіз деңгейін 
бастапқы қалпына келтірмесе де судың деңгейін көтеру мүмкіншілігі 
бар деп үміттенеді. Зоологтардың байқауынша, Арал маңының солтүстік 
бөлігінде құстардың ұя салуға оралуы экожүйені қалпына келтіруге 
болатындығын білдіреді. 
Ендігі бір қиын нүкте – Балқаш көлі – Дүниежүзілік қауымдастықтың 
назарын өзіне аударуда.
Қазақстанның мұнай-газ саласының қарқынды дамуының нәти-
жесінде пайда болған экологиялық мәселе – Батыс Қазақстанның үлкен 
аумақтарының улы заттармен ластануы. Каспий теңізінің түбінен мұнай 
өндіру тірі табиғатқа қауіп төндіріп тұр. Теңізде орналасқан мұнай 
бұрғылайтын қондырғыларда кездейсоқ апат болған жағдайда аса құнды 
бекіре тұқымдас балықтар қырылуы мүмкін. Бүкіл дүниежүзілік бекіре 
тұқымдас балықтар қорының үл кен бөлігі Каспий теңізінің үлесіне 
тиеді. 
Орасан көлемді мұнай-газ өндірудің салдарынан мил лиондаған тонна 
жанама улы заттар, бірінші кезекте тұз ерітінділері бөлініп шығарылады. 
Күкірт, азот және көміртек оксидтерінің көптеп бөлініп шығарылуы 
Батыс Қазақстанда тұрғындардың, өсімдіктер мен жануарлардың 
тіршілігіне орны толмас зиян келтірді. 
Қазақстанның 60%-дай тұрғындары экологиялық мәселелері 
кездейсоқ шиеленіскен үлкен қалаларда өмір сүріп жатыр. Мысалы, 
Алматыда сырттан келгендерді қоспағанда 300 мыңнан астам автокөлік 
бар. Бұл көліктерден күнделікті күйе, оксидтер және басқа улы газдардың 
орасан көп мөлшері бөлініп шығарылады.
Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – эко ло гиялық күрделі 
міндеттердің бірі болып отыр. Бүгінгі күнде әрбір облыстарда ауызсуға 
тапшы елді мекендер бар. 
Полигон,­экологиялық­қозғалыс,­мораторий,­эколо­гиялық­апат.­­


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет