261
Альвеола (лат.
alveolus – ұяшық, көпіршік) – 1) өкпе бронхыларының өте
ұсақ тармақтарының ұшындағы капиллярларға толы домалақ немесе сопақша
көпіршіктер.
Альдостерон – адам мен жануарлар ағзасындағы минералды зат (Na, К)
және су алмасуын реттейтін бүйрекүсті безі қыртысты затының гормоны
(кортикостероид гормоны).
Амнезия – еске түсіре алмау белгілері бар аурудың түрі. Негізінен жақында
болған оқиғаларды немесе өткен оқиғаларды толық еске түсіре алмау.
Анализаторлар немесе талдағыштар – шеткі қабылдағыш бөлімдерден
басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни
ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен
байланыстырып түрған рефлекторлық доғаның сезімтал бөлігі.
Аналық без – жұмыртқа жасушалары түзілетін және жетілетін аналық
жыныс безі.
Анатомия – адам ағзасының құрылысы туралы ғылым.
Андрогендер – аталық жыныс гормондары.
Анемия (қаназдық) – қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен
болатын ауру.
Анестезия, жансыздану. Анестетик күшімен сезімнен айырылу. Белгілі бір
жерінің ауырғанын сезбейтіндей етіп жансыздандыру.
Аносмия – иіс сезу түйсігінен айырылу.
Антибиотиктер – микроағзалардың өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын
микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат.
Антигендер – ағзаға әртүрлі жолмен енген және оған қарсы жүретін иммундық
реакциялар нәтижесінде адам мен жануарлар денелерінде қарсыденелер
(антиденелер) түзілетін, табиғаты ағзаға жат ірі молекулалы протеиндік заттар
және полисахаридтер.
Антисептика – антисептикалық емдік профилактикалық шаралар жиынтығы.
Антиденелер немесе қарсы денелер – адам мен жануарлар ағзасына енген
жат бөгде ірі молекулалы протеиндік заттарға (антигендерге) қарсы иммундық
реакциялар нәтижесінде түзіліп, олардың зиянды әсерлерін жоятын протеиндік
заттар.
Антропогенез – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму
тарихын, оның жеке биологиялық түр болып қалыптасуын және адамзат
қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға
сүйене отырып, зерттейтін негізгі саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |