263
Бас сүйек-ми жүйкелері – мидың алдыңғы (төменгі) бағанынан тарайтын жұп
жүйкелер.
Бациллалар – кез келген таяқша пішінді бактериялар.
Безгек – плазмодий тудыратын инвазиялық ауру. Тасымалдаушылары –
безгек масасы.
Бет жүйкесі – бас сүйек-ми жүйкелерінің жетінші жұбы. Мимикалық
бұлшық етті, жас және сілекей бездерін; тілдің, таңдайдың, мұрын қуысының
және жұтқыншақтың жоғары бөлімінің шырышты қабықшасын торлап жатады.
Биологиялық ырғақтар – биологиялық процестер мен құбылыстардың
қарқыны мен сипатындағы мезгілімен қайталанып
отыратын өзгерістер рет-
тілігі.
Биологиялық сағат – жануарлар мен адамның
уақыт
өлшемін бағдарлау
қасиеті.
Бронхылар – құрлықта тіршілік ететін жануарлардың ауа өткізетін жолдары,
трахеядан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: