А. Соловьева, Б. Ибраимова


Айкезбе – ұйқысырау ауруы. Айырша без, тимус



Pdf көрінісі
бет201/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   231
Айкезбе – ұйқысырау ауруы.
Айырша без, тимус – иммундық жүйенің орталық мүшесі. Кеуде қуысының 
көкірек аймағында орналасқан. 
Акселерация – жасөспірімдер мен балалардың денесінің дамуы және 
жыныстық жетілуі уақыттан бұрын тез қарқынмен үдеп жүруі.
Аксон – жүйке импульстарын бір жасушаның денесінен және дендриттерден 
келесі нейрон мен ағзаларға өткізетін нейронның ұзарған (1 м-ге дейін) 
цитоплазмалық өсіндісі.
Акупунктура (лат. 
acus – ине және punctura – егу), инемен емдеу. Дененің 
жұмсақ тіндерінің белгілі бір нүктелеріне арнайы жасалған инелерді шаншу 
арқылы емдеу әдісі. Инемен емдеудің шығу тарихы Қытай, Корея, Жапония 
елдеріндегі ежелгі (дәстүрлі) медицинаның дамуымен тікелей байланысты. 
Ақшам соқырағзада 
А және В
2
(рибофлавин) дәрумендерінің жетіспеу 
салдарынан жарық нашар кезде (іңірде, түнде) көру қабілетінің бұзылуы.
Алкоголизм – созылмалы ауру, ол спиртті ішімдіктерін жиі, ұдайы ішуден 
пайда болады.
Аллельдер – сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы 
(қарама-қарсы қалыптағы) белгілерiнің дамуына жауап беретін дәл сол геннің 
әртүрлі қалпы. Мысалы, асбұршақтардың сары және жасыл түсі.
Аллергия – иммундық жауабының үлгісі, ол әртүрлі құрамдағы бөгде заттарға 
ағзаның жоғары ерекше сезімталдығының дамуынан пайда болады. Аллергияны 
қоздырушы зат аллергендер деп аталады. Мысалы, өсімдіктің тозаңы, үй шаңы, 
дәрілік препараттар және т.б. 
Альбинизм, реңсіздік (лат. 
albus – ақ) – өзіне тән түсінің жоғалуы. Альбинизм 
рецессивті генге байланысты тұқым қуалайтын белгі.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет