262
Апатия – немқұрайлылық күй. Қандай да
бір іске деген құлшыныстың
болмауы. Енжарлық, селқостық, көңілдің еш нәрсеге соқпай, ұнжырғаның түсуі.
Аппарат – ағзада қандай да бір қызмет атқаратын мүшелердің
жиынтығы
(асқорыту аппараты).
Аппендикс – пішіні құрт тәріздес соқырішек өсіндісі.
Аппендицит – құрт тәрізді өсіндінің (аппендикстің) ісінуі және қабынуы.
Артерия – қанды жүректен
алып шығып, дене мүшелеріне
тарататын
тасымалдаушы
ірі қан тамыры; оттегімен байытылған қанды жүректен ішкі
мүшелерге тасымалдайтын қан тамырлары.
Артериолалар – артериялардың соңғы тарамдары жіңішкеленіп капилляр-
ларға айналады.
Артқы ми – Варолий көпірі мен мишықтан тұратын ми бөлігі.
Аскорбин қышқылы (С витамині) –
адам
мен жануарлар ағзаларындағы
тотығу-тотықсыздану процестерін реттеп, ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұру
қабілетін арттырады. Суда еритін витамин.
Асфиксия, тұншығу – қанда оттек жетіспеуінен және көмірқышқыл газының
көбеюінен болады.
Атавизм, реверсия – ағзаның жақын ататегінде жоқ, бірақ ертедегі ататегінде
болған, алайда эволюция процесі барысында
жойылып кеткен белгілердің
ұрпақта кездейсоқ қайталануы.
Аталық без – сперматозоидтер мен жыныс гормондары (тестостерон және
т.б.) түзілетін аталық жыныс бездері.
Атония – жүйке жүйесінің бұзылуынан, жұқпалы аурудың салдарынан, ішкі
секреция бездері қызметінің нашарлауынан пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: