265
геронтология – тірі ағзалардың, соның ішінде адамның қартаюын зерттейтін
ғылым.
гигантизм – адамның бойының қалыпты мөлшерден артық өсуінің ауытқуы.
гигиена – өмір сүру және еңбек жағдайының адамның денсаулығына әсерін
зерттейтін, аурулардың алдын алу, денсаулық сақтау және өмір сүру жасын
ұзарту шараларын жасаумен айналысатын медицина саласы.
гинекология – әйел ағзасының
анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін,
жыныс жүйесінің ауруларын, оларды емдеумен және аурулардың алдын алуды
зерттейтін медицина саласы.
гипертония, гипертензия – жоғары артериялық қысым.
гипертрихоз – әдетте шаш
шықпайтын немесе шоқ болып шаш шыққан
тері бөлігінде шамадан тыс түк шығу. Мысалы, әйелдердің бетінде немесе ер
адамның арқасында түк шығу.
гипноз – тежеу арқылы
мидың барлық қыртысы емес, тек жеке бөліктері
қамтылатын ұйықтаған сияқты күй.
гипогликемия – қанда қант мөлшерінің қалыпты деңгейден төмен азаюы.
гиподинамия – қимыл-қозғалыс белсенділігінің
шектелуі, бұлшық еттің
жиырылу күшінің төмендеуі кезінде ағза қызметінің (тірек-қимыл аппараты,
қан айналым, тыныс алу, асқорыту) бұзылуы.
гипоталамус – аралық ми
бөлімі; ағзаның вегетативті қызметі мен көбеюін
реттейтін жоғарғы орталық.
гипотония – төмен артериялық қысым.
гипофиз – мидың негізінде орналасқан ішкі секреция бездері.
глаукома – көзішілік қысым артуымен сипатталатын көз ауруы.
гликоген – глюкоза қалдықтарынан
түзілген полисахарид. Адам мен
жануарлардың негізгі көмірсу қоры.
глюкагон – ұйқы безі өндіретін гормон.
гомеопатия – дәрінің өте аз мөлшерімен емдеу жүйесі.
гормондар – ішкі секреция
бездері бөлетін биологиялық белсенді заттар.
Басқа мүшелер мен ұлпаларға мақсатты әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |