А. Соловьева, Б. Ибраимова


Витилиго – теріде ақшыл (пигментсіз) дақтардың түзілуі. г



Pdf көрінісі
бет206/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   231
Витилиго – теріде ақшыл (пигментсіз) дақтардың түзілуі.
г
гайморит қуысы, үстіңгі жақсүйек қойнауы мұрын 
тесігіне ашылады. Оның 
шырышты қабықшасының, кейде сүйек қабырғасының қабынуынан гайморит 
ауруы туындайды.
ганглий, жүйке түйіні – 
дәнекер ұлпалы капсула мен глия жасушаларымен 
қоршалған нейрон денелері мен өсінділерінің шоғыры.
гангрена, шірік – әдетте 
қан тамырының жарақаттану немесе бітеліп қалу 
салдарынан ұлпалардың жансызданып, жұқпаларды жұқтырып алуы.
гастрит – асқазанның шырышты қабықшасының қабынуы. 
гематология (грек. 
гемо – қан және логос – ілім, ғылым) – қан жүйесінің 
құрылысы мен қызметін зерттейтін медицинаның бөлімі. 
гематома, қанды ісік – 
жабық жарақат кезінде қанның жиналуы; қан 
тамырлары үзіледі және қоршаған ұлпаларға қан құйылады.
гемоглобин – қанның қызыл 
тыныс алу пигменті. Оттекті тыныс алу 
мүшелерінен ұлпаларға және көмірқышқыл газын ұлпалардан тыныс алу 
мүшелеріне апарады. 
гемофилияқан ұю 
жүйесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындайтын 
тұқым қуалайтын ауру; қанағыштық байқалады. 
генерация – ұрпақ дегенді білдіреді.
генетика – ағзалардың тұқым 
қуалау және өзгергіштік заңдары мен оларды 
басқару әдістері туралы ғылым.
генетикалық инженерия, гендік инженерия – табиғатта жоқ гендердің 
үйлесімін мақсатты түрде жасаумен айналысатын молекулалық биология мен
генетика әдістері.
гениальность – адамның шығармашылық күшінің ең жоғары дәрежесі. 
гениталии – жыныс мүшелері дегенді білдіреді. 
гермафродитизм (
Гермафродитос – мифтік қосжынысты тіршілік иесі, 
ежелгі грек құдайлары – Гермес пен Афродитаның баласы) – бір дарада аталық 
әрі аналық мүшелердің болуы.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет