А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет21/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   231
29
Білу және түсіну:
1. «Төменгі сатыдағы өсімдіктер» деген түсінікке анықтама беріңдер.
2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің бөлімдерін атаңдар. 
3. Өсімдіктердің белгілі бір топтарын қандай критерий бойынша «жоғары 
сатыдағы өсімдіктерге» жатқызады? 
қолданылуы:
1. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің әртүрлі ұлпалары мен мүшелерінің 
қызметін сипаттаңдар.
2. Неліктен жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрлықта, ал төменгі 
сатыдағы өсімдіктердің суда өсетінін түсіндіріңдер. 
3. Тіршілік ортасы және ұлпалар мен мүшелердің арасындағы 
байланысты анықтаңдар.
4. Бауыр мүктер мен жапырақсабақты мүктердің дене құрылысын 
салыстырыңдар. 
Талдау:
1. Жоғары сатыдағы өсімдіктер бөлімдерінің қалыптасу кезеңдерін 
талдаңдар. Олардың біртіндеп пайда болғанын дәлелдеңдер.
2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерінің пайда 
болуын сызба түрінде сипаттаңдар.
3. Өсімдіктердің әртүрлі бөлімдерінің түрлі мүшелері пайда болу себеп-
тері туралы өз пікірлеріңді айтыңдар. 
Синтез:
1. Құрлығы жоқ ғаламшарда жоғары сатыдағы өсімдіктер қалыптаса 
ма? Талқылаңдар. 
2. Егер мүктер тек бауыр мүктерден тұратын болса, олар жоғары 
сатыдағы өсімдіктерге жатқызыла ма? Бағалаңдар. 
Бағалау:
1. Мынадай жойылып кеткен өсімдік топтары туралы ре ферат жазыңдар: 
псилофиттер­ немесе­ риниофиттер,­ тұ­қымды­ қырықжапырақтар 
қандай жүйелік топтарға жатқызылатын еді? 
2. Қазіргі кезде өсетін өсімдіктер: 
вельвичия,­ гинкго­ билоба,­
саговниктәрізділер,­ қылша­ (эфедра)­ туралы реферат жа зыңдар. 
Олар қандай жүйелік топтарға жатады? Қан дай ерекшеліктері бар? 
Қазақстанда табиғи жағдайда қайсылары өседі? 
Пікірталас: 
Келешекте өсімдіктердің эволюциясы жүруі мүмкін бе? Олардың 
қандай бағыттары болуы мүмкін? Талқылаңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет