269
Консументтер – қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін
өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын
ағзалар.
Конъюктива, көздің шырышты қабығы – көздің дәнекер ұлпалы, мөлдір,
шырышты қабықшасы.
Конъюктивит, көз қарығуы – конъюктиваның қабынуы.
Кортизон – бүйрекүсті бездерінің қыртысы бөлетін стероидты гормон.
Кортиев мүшесі – дыбыс қабылдайтын аппараттың шеткі бөлігі; дыбыс
тербелісін жүйке қозуына түрлендіреді.
Көбею, репродукция – тіршіліктің үздіксіздігі мен сабақтастығын
қамтамасыз ететін, өзіне ұқсас ұрпақ беру қасиеті.
Көз бұршағы – нұрлы қабықтың артында, қарашыққа қарсы
орналасқан
мөлдір, тамыры жоқ, екі жағы дөңес денешік (линза).
Көз шарасы – көз алмасы орналасқан бас сүйектің бет бөлігіндегі сүйек
ойысы.
Көкірек – жүрек, кеңірдек және өңеш орналасқан кеуде қуысының бөлігі.
Көмей қақпашығы – көмекейдегі эластикалық шеміршекті пластинка.
Жұтқан кезде көмекейге кіреберісті жауып, тамақтың кеңірдекке түспеуін
қамтамасыз етеді.
Кохх таяқшалары – микробактериялардың түрі; туберкулез ауруының
қоздырғыштары.
қ
қабақ – көз айналасындағы қозғалғыш тері қатпары.
қабылдау – тірі ағзалардың
көру, есту, түйсіну, дәм және иіс сезу қабілеті.
қабыну – ағзаның ауру тудыратын агенттердің әсеріне күрделі бейімделу
реакциясы.
қабыршақты теміреткі –
псориаз.
қалтырау – адамның суықты сезуі, түсінің бозаруы,
бұлшық еттің дірілдеуі,
беткі қан тамырларының қатты жиырылуы.
қаназдық – анемия.
қан өндіру – қан жасушаларының түзілуі, дамуы және жетілуі.
қан өндіретін мүшелер – лимфа және қан жасушалары түзілетін мүшелер:
сүйек кемігі, лимфа түйіндері, көкбауыр, айырша без.
Достарыңызбен бөлісу: |