А. Соловьева, Б. Ибраимова


лимфа – қан плазмасынан  оны ұлпааралық кеңістікке және одан лимфа  жүйесіне сүзу арқылы түзілетін түссіз сұйықтық.  лимфаденит



Pdf көрінісі
бет214/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   231
лимфақан плазмасынан 
оны ұлпааралық кеңістікке және одан лимфа 
жүйесіне сүзу арқылы түзілетін түссіз сұйықтық. 
лимфаденит – лимфа түйіндерінің 
лимфа немесе қан ағыны арқылы жұқпа 
қоздырғыштары енген кезде қабынуы.
лимфоциттер – түйіршікті емес лейкоциттердің бір түрі.
липидтермайлар мен 
майтәрізді заттар да кіретін табиғи органикалық 
қосылыстар тобы.
лордозомыртқа жотасының 
туа біткен немесе жүре пайда болған алға 
қарай шығып қисаюы; көбінесе басқа қисаюлармен үйлесімді болады.
М
Меланхолик – адамның мінез-құлық ерекшеліктерін білдіретін темпе-
раменттің бір түрі.
Мелатонин – эпифиз безінен бөлінетін гормон.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


271
Менингит – ми мен жұлынның қабынуынан болатын жұқпалы ауру.
Мениск – тізе буынының оны құрайтын сүйектердің қисықтығының 
сәйкессіздігін тегістейтін және буындағы күрт соққыны жұмсартатын ішкі және 
сыртқы орақтәрізді шеміршегі. 
Метаболизм – зат алмасу дегенді білдіреді. 
Метеоризм – асқорыту жолында газдардың жиналуы.
Мешел (рахит) – балаларда Д витамині түзілуінің бұзылуынан болатын ауру.
Ми бағаны – ми бөлімі. Ортанғы, артқы (мишықты қоса) және сопақша 
мидан тұрады.
Микседема – қалқанша безден бөлінетін гормонның жетіспеуінен болатын 
ауру.
Миозин – жуан бұлшық ет талшықтарын түзетін нәруыз.
Миокард – жүректің бұлшық етті қабаты.
Мишық – ми бөлімі, артқы ми бөлігі. 
Моноциттер – 
қорғаныштық қызмет атқаратын түйіршіксіз лейкоцит 
жасушалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет