А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет213/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   231
қан құйылу – қан тамырларының тұтастығының 
бұзылуынан немесе 
өткізгіштігінің артуынан ағза қуысында немесе ұлпаларында қанның жиналуы.
қан сарысуы – қанның формалы элементтері мен фибрин болмайтын сұйық 
бөлігі. 
қан шығару, қан ағызу, қан алуемдік мақсатпен қанның 
белгілі бір 
мөлшерін алу.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


270
қанның ұюы – қан плазмасында фибриногеннің ерімейтін фибринге еруі 
нәтижесінде сұйық қанның эластикалық ұйысқан қанға айналуы.
қарашық – көзге жарық сәулесі енетін нұрлы қабықтағы тесік. 
қозу – тірі жасушалардың ішкі және сыртқы ортаның әртүрлі факторларына 
әсер көрсетуі. 
қозғыштық – тірі жасушалар, мүшелер мен тұтас ағзалардың тітіркендіргіш 
әсерін қабылдап, оларға қозу арқылы жауап беру қабілеті.
қоян ерін – даму кемістігі; 
жоғары еріннің тік бағытта (ортасынан, бір 
немесе екі жағынан) бөлінуі.
құныс, кифоз – омыртқа жотасының артқа қарай шығыңқы болып қисаюы. 
қырақтықжақын қашықтықта анық 
көруге кедергі келтіретін көру 
кемшілігі.
құрт ауруы – тез өршитін туберкулез ауруының ескірген атауы; 
созылмалы 
ауру кезінде, көбінесе өкпе туберкулезі кезінде ағзаның тез арықтап, әлсіреуін 
білдіретін ескірген атау.
құтышалар, құтыша жасушалары – күндізгі және түсті 
көруді қамтамасыз 
ететін көз торшасындағы жарыққа сезімтал жасушалар.
қышқыл жаңбыр – ауа құрамында SO2, 
NO2, HCl және т.б. өнеркәсіптік 
шығарындылар болғандықтан қышқылданған атмосфералық жауын-шашын.
Л
лейкоциттер – қызметі бойынша әртүрлі, түссіз қан жасушалары.
летаргия, летаргиялық ұйқы, жалған 
өлім – тітіркендіргішке әсердің 
болмауымен, өмірдің барлық белгілерінің күрт нашарлауынан ұйқыға ұқсас 
қозғалмайтын күй. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет