А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет211/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   231
иммуноциттер – иммундық жауапты жүзеге асыратын 
(Т- және В-лимфоциттер, кейбір фагоциттер және т.б.) ағза жасушалары.
инвазиялық аурулар – паразит-жануарлар – қарапайымдар 
(безгек), 
буынаяқтылар (қышыма), шаянтәрізділер, гельминттер және т.б. тудыратын 
аурулар. 
ингаляция – дәрілік заттармен тыныс алу арқылы емдеу әдісі. 
инстинкт, түйсік – мінез-құлықтың 
күрделі, тұқым қуалайтын әрекеттері-
нің жиынтығы.
инсулин – ұйқы безі бөлетін нәруызды гормон. 
инсульт – мидағы қан айналымның бұзылуы (миға қан құйылу және т.б.).
интоксикация – ағзаның улы заттармен (уытпен) улануы. 
инфантилизм – ересек адамда 
балалық шаққа тән дене және психикалық 
сипаттардың сақталуы. 
инфаркт – түйілу, тромбоз 
және т.б. (бүйрек, миокард инфарктісі және т.б.) 
кезінде ұлпаларда қанмен қамтамасыз етудің бұзылу салдарынан жансыздану 
аймағы.
иридодиагностика (грек. 
иридос – кемпірқосақ) – көзінің нұрлы қабығының 
күйі бойынша адамның ауруын анықтау.
иіс сезу – иістерді қабылдау.
йодтау – ауызсуды, ас 
тұзын және басқа да тамақ өнімдерін йод 
қосылыстарымен байыту арқылы эндемиялық зоб ауруының жаппай алдын алу 
әдісі.
К
Каннибализм – жануарлардың өз түрінің дараларын жеуі.
Капиллярлар – мүшелер мен ұлпаларға енетін ұсақ тамырлар. 
Клиникалық өлім – тіршіліктің байқалатын белгілері жоқ өмір мен өлім 
арасындағы шектелген күй. 
Көру төмпешіктері – таламус дегенді білдіреді. 
Комменсализм, серіктестік – 
симбионттардың бірі басқасының есебінен оған 
қандай да бір зиян тигізбестен тіршілік ететін селбесудің (симбиоз) бір түрі.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет