А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет25/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   231
Білу және түсіну:
1. Неліктен саңырауқұлақтарды жеке патшалыққа жатқызады? 
2. Өздеріңе белгілі саңырауқұлақ топтарын атаңдар. 
3. Саңырауқұлақтарды өсімдіктерге жатқызуға бола ма? 
қолданылуы:
1. Саңырауқұлақтардағы жануарлардың белгілері арасын да ғы байланыс-
ты анықтаңдар. 
2. Саңырауқұлақтардағы өсімдіктердің белгілері арасын дағы байланыс-
ты анықтаңдар. 
3. Саңырауқұлақтарды зең, қалпақшалы немесе сахаромицеттерге 
жатқызу себебін атаңдар. 
Талдау:
1. Саңырауқұлақтардың қалыптасу кезеңдерін талдаңдар. Олардың 
қайсысы эволюция барысында ертерек, қай сысы кейін пайда болды? 
2. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың құрылысын сызба тү рін де 
бейнелеңдер. 
3. Саңырауқұлақтар тек споралары арқылы ғана көбей мейтінін мысал-
дар келтіріп дәлелдеңдер. 
Синтез:
1. Саңырауқұлақтар өсімдіктерге жатқызылатын болса, олар «жоғары саты-
дағыларға» жатқызылатын ба еді, әлде «тө мен гі сатыдағыларға» ма? 
25-сурет. Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар: а – шыбынжұт; 
ә – көңілкеш; б – жалған түбіртек
ә
б
а
3–3459
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


34
2. «Саңырауқұлақтардың табиғаттағы рөлі» деген тақы рыпқа эссе 
жазыңдар. 
3. Саңырауқұлақтардың адам өміріндегі рөлін бағалаңдар. 
Бағалау:
1. «Микориза – толыққанды орман массивтерінің қа лып тасуының 
міндетті түрдегі жағдайы» немесе «Саңы рауқұлақтар – өсімдіктердің 
паразиттері»; «Са ңы рауқұ лақтар – адам және жануарлардың 
паразиттері» деген тақы рып тар дың біріне реферат жазыңдар.
2. улы саңырауқұлақтармен уланудың алдын алу шаралары туралы өз 
пікірлеріңді айтыңдар. 
Пікірталас:
«Заманауи ғарыштық зерттеулер зең саңы рауқұлақтарының спора-
лары ашық ғарышта да тір шілік қабілетін сақтай алатынын дәлелдеді. 
Ал қынадағы саңы рауқұлақтың жасушалары (балдырлармен селбесіп 
тіршілік етуде) – ғарыш кемесінің бортынан тыс болса да, бір апта 
бойы тіршілігін жоймаған». Саңы рауқұлақтардың жерден тыс шығу 
тегі туралы болжамды тал қылаңдар. Әртүрлі гипотезаларға (ғылыми 
болжам) қа тыс ты дәлелдер келтіріңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет