Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Зейнетке шығу кезеңі (зейнетке шыққаннан кейінгі



Pdf көрінісі
бет115/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   154
damu psihologiyas kitap

2. Зейнетке шығу кезеңі (зейнетке шыққаннан кейінгі 
алғашқы жылдары)бұл ең алдымен жаңа əлеуметтік рөлді, 
мəртебені меңгеру. Жалпы алғанда, аталмыш кезең төмендегідей 
жағдайлармен ерекшеленеді:
1) Дамудың əлеуметтік жағдайы, %
– Ескі қатынастар (жұмысындағы қызметтестері) алғашқы 
кезде сақталынғанымен, біртіндеп сирей бастайды.
– Жақындарымен жəне туыстарымен араласу (сəйкесінше, 
туысқандарының тарапынан «тəжірибесіз» зейнеткерлерге деген 
түсінісушілікпен назар аудару қажет).
– Біртіндеп зейнеткер-достар немесе жасы неғұрлым жасырақ 
өзге адамдар (ол зейнеткердің қандай іспен айналысып, кіммен 
араласатынына байланысты болады) пайда бола бастайды.
– Көп жағдайда зейнеткердің туысқандары мен таныстары 
«уақыты онсыз да көп» зейнеткердің немерелерімен көбірек ай-
налысуына тырысуы мүмкін, сондықтан адамның балалары-
мен жəне немерелерімен қарым-қатынасы да зейнеткерлердің 
əлеуметтік жағдайының маңызды сипаттамаларының бірі деп са-
налады.
2) Жетекші іс-əрекеті:
Ең алдымен, аталмыш жас шамасы адамның өзін жаңа 
қырынан тану, күш-қуатын ақиқаттың əрқилы жаңа түрлерінде 
сынап көру ұмтылысы (немерелерін тəрбиелеу, үй шаруысымен 
айналысу, жаңа қатынастарды орнату, қоғамдық ақиқатты тану 
т.с.с.), яғни «байқау жəне қателесу» əдісі арқылы өзін-өзі анықтау; 
жалпы алғанда зейнеткердің уақыты көп болады, сондықтан ол 
жоғарыда аталғандардың барлығына уақыт бөле алады.
– Зейнеткерлердің көбі зейнетке шыққанымен алғашында 
мамандығы бойынша бұрынғы жұмысын жалғастырады; ондай 
жағдайда қызмет еткен зейнеткердің дербес мəнділік сезімі арта 
түседі.


342
– Анағұрлым жасырақ адамдарға «ақыл айту» немесе кейде 
тіптен «намысына тию» ұмтылысы арта түседі.
– Кейбір зейнеткерлер үшін аталмыш жас кезеңі өзінің өткен 
өмірінің мəнін түсіну ұмтылысы болуы мүмкін: кейбіреулері 
бұл кезеңде өмірбаян жазуға бет алуы мүмкін, ал тағы біреулері 
міндетті түрде өз тəжірибелерімен жəне күйзелістерімен бөліскісі 
келеді.
3. Қарттық кезеңі (зейнетке шыққан соң денсаулығының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет