Қартаюдың психоаналитикалық сипаты. Карл Юнг
«Адамның өмірінің екінші кезеңі» деп атаған ілімінде келесі про-
блемаларды көрсетті. Ол үшін өмірдің екінші кезеңі критикалық ай-
налым сəті, яғни индивидтің өзіндік дамуында жаңа мүмкіндіктер
ашылады. Қарт кісілерге «əлеуметтік протезде» əлеуметтік көмек
жүйесін ұсыну қажет. Бұл жұмыс бойынша Адлердің проблемалық
шешімі, идеялары көрсетілген. Даму психологиясының герон-
топсихология саласына көп үлес қосқан ғалымдардың бірі – Э.
Эриксон. Өзіндік дамудың сегіз стадиясын көрсеткен. Өмір
циклінің əрбір кезеңінде спецификалық тапсырмалар жалпыға
ортақ байланысқан. Əрбір кезеңі əлеуметтік-бағалы мақсатты
анықтайды. Өмір жасындағы сегізінші кезең – қарттық, мінез-
құлықтың өзгеруімен сəйкес өзгереді. Өзімшілдік пайда болады.
Э. Эриксонның теориясы өзге де ғалымдардың қызығушылығын
тудырды. Р. Пэкон мен Р. Пэк «сəтті қарттық» деп көрсетті, яғни
адам өзіндік дамуында негізгі үш тапсырманы орындау керектігін
көрсетті («Эго» дифференциясына қарсы рөл). Адамдар өздерін
тек қана өзінің жұмысына жəне отбасына арнайды, бұл зейнет-
ке шығар жол, жұмыс ауысымы немесе балалардың үйден кетуі,
олар да жағымсыз эмоция тудырады. Екіншіден, бұл трансцен-
денция жан дүниесіне қарсы. Соңғы трансценденция «Эго»-
«Эго» өзгерісіне қарсы, негізгісін меңгеруші, маңызды белгілер
көрсетіледі.
Қартаю мəселесі нақты моральдық деңгейде айқындалады.
Адамзаттың дəстүрлі бағалылықтарының барлығы – нəтижесінде
қартаюмен тікелей байланысты. Бұл жерде ерекше атап айтатын
дүние – бұл қартаюдың əлеуметтік аспектісі. Бұл əлеуметтік аспект
өз артынан нақты моральдық мəселелерді алып келеді. Қартаю –
ол əлеуметтік рөлдердің жаңа жүйеге көшуі. Яғни, топтық жəне
тұлғааралық қарым-қатынастардың жаңа жүйеге өтуі.
3. Кəріліктің əлеуметтік-психологиялық типтері
Қартаюдың түрлері өте көп, оның айқындалу төңірегі де өте
кең. Ф. Гизенің типологиясында қарттар мен қартаюдың үш типі
көрсетілген:
– келеңсіз қарт адам – өзінің бойындағы қартаю белгілерін
мойындамайды;
332
– экстраверт қарт адам – яғни, қартаю кезеңін сыртқы
əсер арқылы немесе қоршаған ортадағы өзгерістер арқылы мо-
йындайды (мысалы, өсіп кеткен жастар, жастар мен қарттардың
көзқарастарының бөлек болуы, жақын адамдарының қайтыс
болуы, отбасындағы орнының өзгеруі, техника төңірегіндегі
өзгерістер, əлеуметтік өмірінің өзгеруі жəне т.б.).
– интроверт қарт адам – яғни, қартаю кезеңін бастан қиын
кешіру. Адам қоршаған ортадағы жаңалықтарға қызығушылық
білдірмейді, өткен өмірі туралы көп ойланады, аз қимылдайды,
тыныштыққа ұмтылады жəне т.б.
И.С.Кон
қартаюдың
келесі
əлеуметтік-психологиялық
типтерін анықтап көрсетеді.
Бірінші тип – белсенді, шығармашылық түрде қартаю. Бұл
типке жататын қарттар, заңды демалысқа шықса да, қоғамдық
өмірде, жастар тəрбиесінде жəне т.б. белсенді атсалысып,
толыққанды, белсенді өмір сүріп, өздерін еш кемсітпейді.
Қартаюдың екінші типіне жататын қарттар – бұрын-соңды
уақыттары жетпеген шаруалармен айналысатындар: яғни, білім
деңгейлерін көтеру, демалу, көңіл көтеру жəне т.с.с. Бұл типтегі
қарттарға əлеуметтік жəне психологиялық тұрғыда жақсы
бейімделу, көнбіс болу, барлық энергияны тек өздеріне ғана
жұмсау тəн.
Үшінші тип (көбінесе əйел адамдар) барлық күш-қуатын тек
отбасына ғана жұмсайды. Үй шаруасы ешуақытта таусылмайтын
болғандықтан, əйелдердің ауруға, зерігуге уақыттары да бол-
майды. Бірақ өмірге деген қанағаттану бұл топтағы қарттарда
(жоғары екеуіне қарағанда) төмен.
Төртінші типтегі қарттар – бұл типке жататын қарттардың
ерекшелігі – денсаулықтың өмірінің мəніне айналуы болып та-
былады. Түрлі белсенділік формалары, моральдық қанағаттану
да осымен тікелей байланысты. Сонымен қатар, (көбінесе ер
адамдарда) нақты ауруларын шынайылықтан артық көру, қатты
қобалжуға жол беру жиі кездеседі.
И.С.Кон жоғарыда көрсеткен қарттардың жағымды типтерімен
қоса, олардың жағымсыз типтеріне де назар аударады:
– агрессивті, кəрі ұрысқақтар – қоршаған ортаға көңілі толмай,
өзінен басқаның бəрін сынға салып, төңірегіндегі адамдардың
барлығын үйретіп, əрдайым дау-дамай шығаратындар;
333
– өзінің өміріне жəне өзіне көңілі толмайтындар, жалғыз
қалған жəне көңілсіз жүретін қарттар. Өткен өмірлерінен жіберіп
алған мүмкіндіктерін айтып, өздерін аса бақытсыз санайтындар.
Қарттарға қатысты зерттеу жүргізгендердің бірі – А. Кач-
кин. Ол қарттарды өмірлеріндегі қызығушылықтарына сай,
төмендегідей типтерге бөліп қарастырған:
– Отбасылық тип – тек отбасының бақытына назар аудара-
тындар.
– Жалғыздық типі – тек өзімен-өзі ғана ой бөліскенді
қалайды, содан лəззат алып, өз естеліктерімен ғана өмір сүреді.
– Шығармашылық тип – бұл типтегі қарттардың сурет са-
лумен, музыкамен жəне т.б. айналысуы міндетті емес. Олар өз
шығармашылықтарын бақшада гүл өсірумен де көрсете алады.
– Əлеуметтік тип – зейнеткер – қоғам адамы, қоғамға пайда-
лы істермен жəне іс-шаралармен айналысушы.
– Саяси тип – өз өмірін саяси өмірге араласумен (белсенді де,
белсенді емес те) толтырады.
– Діндар тип.
– Сөніп бара жатқан тип – өз күшін жұмсай алмай, өзіне
жаңа іс таба алмай, өмірін қызығушылықпен толтыра алмаған
қарттар жатады.
– Ауру тип – бұл типтегі қарттар өз ауруларына емес, көбінесе
сол ауруларының өту этаптарын бақылаумен айналысатындар.
Көптеген қарттар девианттарға айналады, яғни мінез-
құлқында ауытқушылықтар пайда болады (қаңғырып кету, өзін-
өзі өлтіру).
Психиатр М. Мак-Каллох жануарлардың адам психикасы-
на əсерін бірінші болып зерттеген болатын. Сауалнама жүргізу
арқылы ол келесі тұжырымға келді: үй жануарлары адамды бай-
салды, сабырлы, жайбарақат қылады. Ал кейбір жан күйзелісін
бастан кешірген адамдарға, мұндай «төрт аяқты достарды» бағу
аса қажет болып табылады.
Жалғыздық сезімі адамның жан дүниесін күйзелтеді.
Қоршаған ортамен қарым-қатынасын əлсіретіп, тұлғаны, оның
əлеуметтік құрылымын бұзады. Адамдармен толыққанды қарым-
қатынаста болу, соны сақтап қалу, жалғыздық сезіміне мойынсын-
бау – қартаюды дұрыс қабылдау дегенді білдіреді.
Қартаю – жеке адамның дамуының маңызды жəне ұзаққа со-
334
зылатын кезеңі. Өйткені бүкіл əлемде адам өмірінің ұзақтығы
өсіп келеді. Қарт адамдарға мемлекет, қоғамдық жəне басқа да
ұйымдар мен мекемелер, жалпы қоғам тарапынан жасалған дұрыс
қарым-қатынас – олардың өмірлерінің жақсы өтуіне бірден-бір се-
беп болады.
Кəрілік жасы – адамның орта жастан кейін келетін қоғамдық
еңбектен босап, еңбегінің зейнетін көретін материалдық
қамтамасыз етілетін құрметті демалысқа шығатын жасы. Шартты
түрде кəрілік адамның зейнетке шығуы жасына жетуінен бастала-
ды деп есептеледі. Кəрілік жаста кəрілік, кемелділік деген ұғым
жиі кездеседі. Ол дегеніміз қартайған адамның ақыл-ойының
сарқылуының салдары болып табылады. Кəрілік, кемелділік кей-
де шектен асып, ақылдан ажырап қалу деңгейіне дейін құлдырауы
мүмкін, қазақта мұны алжу деп атайды.
Қартаюдың ең ақырғы сатысы – кəрілік сатысы, ол адамның
бүкіл тіршілік ету өмірінде ішкі жəне сыртқы факторлардың
əсерінен дамитын адам ағзасының қызметтік жетіспеушілігінің
ұлғаю нəтижесі болып табылады. Қартаюдың психикалық
ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударылса
да, геронтология ғылымы пəн ретінде егде жастағы адамдардың
көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының,
сондай-ақ іс-əрекетінің сипаты құндылықты бағдарларының
өзгеруіне, яғни жеке адамның даму мəселелеріне, т.б. пайда бол-
ды.
Ғалымдардың соңғы онжылдықтағы зерттеулері бойынша 90-
95 жасқа дейінгі жастың ұлғаюы мүлдем азайып барады. 55-60
жастағы адамдар өздерін қарттар санатына қоспайды, əлеуметтік
қоғамда жасы толған адамдар қатарына жатқызады. Қарттықтың
өз ішіндегі фазаларында, мысалы, біреулер 50 жасынан-ақ шаршап
өмірден түңіле бастаса, ал біреулері 70 жасында өмірге деген күші
мол, əлі көптеген жоспарларды жүзеге асырғысы келеді. 60 жас ша-
масына таяған адамдардың көбісі өмірінің тура жолын өздігінше
талдап, сонымен бірге болашаққа деген көріністерін бағалап іске
асыруға тырысатын болады. Бұл кезеңнің əдеттегі толғанысы:
«Уақыттың жетпеуі», «Өмірдің тез өтуі», «Осы уақыттың барлығы
қайда кетіп жатқаны түсініксіз», «Егер алда ұзақ уақыт болғанда,
онда мен..., əттең» жəне т.б. Қарттық кезеңді зерттеуші ғалымдар,
əсіресе 56 жас шамасындағы тұлғалардың қарттық кезеңге аяқ
335
басып келе жатқанын атап көрсетеді. Олардың сезімдерінің
ұйымшылдығын, қиын кезеңдерді қайта жеңіп алу үшін не қажет,
не керек, өз өміріне тосын жаңалықтар енгізгісі келсе соған бар
күшін салып талпынатынын айтады. Қарт адамдарға бұл дағдарыс
көбінде қатты уайымшылдыққа əкеліп соғады.
Қарттық шақтың 55-60 жас аралығын мосқал кезең деп атауға
болады немесе бұл кезеңді «Əлеуметтік орта» десек те артықтық
етпейді. Қандай да əлеуметтік өзгерістер осы кезеңнің жеке
өмірінде орын табады. Көптеген адамдар үшін бұл кез зейнетке
шыққан кезде басталады, яғни осы кезде белгілі бір əлеуметтік
ортаға деген белсенділігі төмендей түседі. Əсіресе, өзінің
тұрақты жұмысынан басқа ештеңемен айналыспаған, ешқандай
оқуға, басқа мамандық алуға, қандай да бір қосымша ұйымдарда
болуға қызығушылығы соқпаған зейнеткерлер үшін бұл өте ауыр
жағдай. Бірақ қаншалықты зейнетке шыққанымен кəрі адам-
дар өз əдеттерін тастамайды. Өзінің отбасына, не болмаса тағы
бір басқа жұмыстарға қызығып күнін өткізеді. Мосқал адамдар
бəрібір əрі қарай өз ұрапағына көмектесулері міндет деп сезінеді.
Олар үшін бұл кезеңде ең басты бақытты ұрпақтары, немерелері.
Кəрілік кезеңде өз қосағынан айырылу ең қиын сəт. Оған көндігу
өте ауыр өтеді. Өмірлік жарынан айрылып, жалғыз қалуы адам-
ды үлкен бір өзгеріске алып келеді, яғни адам өзін жесірлік сана-
тына қосып, алдағы уақытта өзінің де аз өмірін қалғанын сезіп,
бұрынғы кездегідей қатты дауыс шығарып сөйлеуге əлі келмей,
мінезінде меланхоликтік тип басымырақ болады. Қоршаған ор-
тасынан, айналасынан алшақтайды. Жесір қалушылық еркектер-
ге қарағанда əйелдерге үш есе соққы болып тиеді. Сондықтан ер
адамдар алғашқы жарынан кейін тез үйленіп алса, əйелдердің
біразы өмірінің соңына дейін жалғыз өтеді. Мысалы, 85 жасқа
дейінгі 5 əйелдің 4-і жалғыз болып өтеді деп айта аламыз. Жалғыз
басты қарттар тəжірибелік не биологиялық қиындықтарға жиі
кездеседі. Осы қиындықтардан өз күшімен шығуға тырысады,
мысалы, түрлі тұрмыстық мəселелер немесе қаржы мəселесін
шешу.
Халықтың қартаю үдерісі – Қазақстан үшін біршама жаңа
құбылыс жəне ол əзірше мемлекеттің стратегиялық құжаттары
мен нормативтік-құқықтық актілерден жан-жақты сараптық
бағасын жəне баламалы көрінісін тапқан жоқ. Қазақстандағы
336
даму мақсаттары аясында көптеген проблемалар мен міндеттерді
шешу адамның анағұрлым тиімді дамуына септігін тигізеді.
Осы тұрғыда Қазақстан үшін өмір сүру мерзімінің қысқалығы,
бала туудың төмен деңгейі, кедейліктің деңгейін азайту, барлық
буындағы ұрпақтар үшін білім алу мүмкіндігі мен білім сапасы,
адамдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету, денсаулыққа тигізетін
экологиялық қауіп-қатерлерді жою, халықтың кембағал (осал) топ-
тарын, соның ішінде қарт адамдарды қорғау сияқты мəселелерді
шешу маңызды міндет болып табылады.
Халықтың қартаюы алуан түрлі салалар – экономикалық
өсуге, қор жəне ақша жинау үдерісіне, салық салуды тұтыну мен
ұрпақтар арасындағы трансферттерге əсерін тигізеді. Əлеуметтік
салада бұл адамдардың денсаулық жағдайына, отбасы құрамына,
өмір салтына, тұрғын үй жағдайлары мен халықтың көші-қонына
ықпал жасайды. Халықтың қартаюы – демографиялық феномен
ғана емес, ол саяси саладағы үдерістердің детерминантасы да
болуы мүмкін жəне бұл ең алдымен электораттың қартаюы мен
саяси өмірде түрлі жас топтарының мүдделерді көрсету мəселесі.
Халықтың қартаюы – егде жастағы адамдардың экономикалық
жəне əлеуметтік белсенді халыққа тəуелділігінің өсуімен
сүйемелденеді.
Қарттық кезеңнің психологиялық мүмкіндіктерін зерт-
теу мəселесі ғылыми тұрғыда өзекті əрі өмірлік мақсаты бар
проблемадардың бірі деп саналады. Өйткені əдетте қарттық
кезең мұң, шығын, қайғы жəне əрбір қарт адамның тəнінде
жасырынған ауру-сырқаттардан қасірет кешіру жасы ретінде
қабылданады. Сонымен қатар, əлеуметтік геронтология жəне
геронтопсихология қарттықты даму жасы ретінде қарастырып,
егделік пен қарттықтың арасындағы жас ерекшелік бірмəнді ше-
караны орнатуға мүмкіндік бермейтін қарттықтың жеке-дара
көріністеріндегі маңызды айырмашылықтарға нұсқайды. Əр адам
түрліше қартаяды деген пікірдің өзі қарттықтың жалғыз үлесі
қайғы мен мұң емес, ал шөгу, құлдырау – өзгерістің жалғыз жолы
емес екендігіне нұсқайды.
Бұл жас шамасы ерекше белгісімен, адамның өмірлік циклінің
жүйесіндегі айрықша рөлімен ерекшелінеді: дəл қарттық
кезеңдер мен ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, тұлға
дамуының жалпы болашағын белгілейді. Қарттықтың тұрғысынан
337
ғана өмірді тұтастық ретінде, оның мəні мен негізін, алдыңғы
жəне кейінгі ұрпақтардың алдындағы міндеттерін терең түсініп,
түсіндіруге болады.
Егер аталмыш жас шамасы кемістік деп, егделікпен
салыстырғанда жарымжандық тұрғысынан сипатталған болса,
қарттықтың алдындағы маңызы жоғары міндеттерді өз шешімін
таппас еді. Бұл мағынасында қарттыққа Л. С. Выготскийдің
даму заңының қорытындысын көшірсе, қарттық дамуы тежелген
қабілеттер ретінде емес, дұрысы сапасы жағынан ерекше психи-
ка ретінде сипаттауға болады, өйткені адамның дамуы сапалы
өзгерістердің үзбелісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |