Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары



Pdf көрінісі
бет43/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   154
damu psihologiyas kitap

Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары
1. Дамудың инстиниктивті-биологиялық жəне əлеуметтік-
тарихи мəніне салыстырмалы талдау.
2. Тұлғаның дамуындағы əлеуметтік орта мен тұқым-
қуалаушылықтың қажеттілігі.
3. М. И. Лисина бойынша бала қарым-қатынастары дамуының 
қызметтері мен құрылымы жəне заңдылығы.
Студенттердің 
өзіндік 
жұмыстарының 
(СӨЖ) 
тақырыптары
Ғылыми əдебиеттерге аннотоция жасау: 
1. М. И. Лисина, Х.Т. Шерьязданова. Специфика воспрятие и 
общения дошкольников. - Алма-Ата «Мектеп» 1983.-80с
2. Х. Т. Шерьязданова. Учите детей общению. – Алма-Ата, 
Рауан. 1992.-112с.
Реферат тақырыптары
1. Қарым-қатынас, өзара əрекеттесу жəне адамның бір-бірін 
қабылдауы.
2. Іс-əрекет жəне субъектінің белсенділігі. 
3. Психикалық-эволюциялық үдерістің нəтижесі.


102
3.7. Х. Т. Шерьязданованың мектеп жасына дейінгі ба-
лалар тұлғасының дамуындағы қарым-қатынастың 
психологиялық ерекшеліктері туралы теориясы
Жоспары:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасының 
дамуының психологиялық ерекшеліктері
2. Бала тұлғасының дамуындағы қарым-қатынастың 
ықпалы
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасының 
дамуының психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалар əдетте, ойнағанды, сурет 
салғанды ұнатады, ересектермен жəне құрдастарымен қуана-
қуана араласады: олар білімқұмар, бастамашыл келеді. Алай-
да құрадастарымен, педагогтармен қатынастарын реттеуде 
қиындықтарды кешіретін балалар да кездеседі. Бұл жағдай 
олардың дамуына, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына кері 
əсерін тигізеді. Егер баланың ойнау қабілеттері мен практикалық 
іскерліктері нашар дамыған болса, онда ол қоршаған əлем жа-
йында қызықты ақпараттарды алу мүмкіндігінен айрылады. Бұл 
жағдай, өз кезегінде бастамашылсыздықтың туындауына себепкер 
болады. Ондай бала мектепте оқуды жаза ретінде қабылдайтын ез 
оқушыға айналады.
Құрдастарымен жағымсыз қатынастары, мектеп жасына 
дейінгі бала мінезінің дамуында ызалылық немесе тұйықтық
ренжігіштік, өкпешілдік сияқты бітістердің дамуына себепші. 
Психологтардың пікірінше, мұндай жағдай баланың əлеуметтік 
ортаға бейімделуіндегі қиындықтардың дəлелі.
Құрдастарымен қарым-қатынаста жайсыздықты кешірген 
балалар, ересектермен араласып, олармен қарым-қатынастан 
жылулық, махаббат пен қамқорлық табады. Дегенмен, мектеп жа-
сына дейінгі балалардың өзі де таныстарымен жəне көршілерімен 
жеткілікті түрде кеңінен араласады ғой. Сол себепті балларды 
олармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға арнайы үйрету қажет. 


103
Баланың осындай іскерлікті үйренуі, дамуы, баланың кейінгі өмірі 
үшін де аса маңызды, өйткені дəл осы аумақта алғашқы ұстазына 
деген ерекше ықыласы қалыптаса бастайды.
Əрине, қарым-қатынаста қиындықтарды кешірген балаларға 
қалай көмектесуге болады деген сұрақтың туындауы орынды. 
Медицинада «симптоматикалық» жəне «каузалді емдеу» түрлері 
кездеседі. Бірінші жағдайда дəрігер аурудың симптомдары-
на ықпал етсе, екіншісінде, дəрігердің қуаты аурудың себебін 
анықтап, оған ықпал ету арқылы сауықтыруға жұмсалады. 
Симптоматикалық емдеудің тиімділігі төмендеу əрі бұл əдісті 
аурудың себебі белгісіз болғанда қолданады.
Тəрбиедегі жағдай да сол тектес. Күш-қуатымызды мінездің 
жекелеген бітістерін қайта тəрбиелеуге, не болмаса бала кешірген 
қиындықтардың түп-тамырын анықтау əрекетіне бағыттауға бола-
ды. Бұл – күрделілігі едəуір жоғары екінші жол. Ол балаға, оның 
тілектеріне, іскерліктеріне, мазасыздануларына деген ерекше на-
зарды талап етеді жəне де ересектердің (педагогтар мен ата-ана-
лардан) тарапынан тəрбие, ішкі мəдениет пен əдеп мəселерінде 
нақты дайындықты талап етеді. Бұл жол баланың қалыптасу 
үстіндегі тұлғасына ықпал ететіндіктен тиімділігі едəуір жоғары.
Көп жылдық психологиялық жəне педагогикалық бақылау: 
мектепке 
дейінгі 
кезеңдегі 
балалардың 
психологиялық 
жайсыздығының негізгі бастауы қарым-қатынас аумағының 
дамуындағы жайсыздықтан туындайтындығын көрсетті. Мұндағы 
педагогтың міндеті – қарым-қатынастың мазмұны мен сипаты 
психикалық дамудың деңгейі мен мүмкіншіліктеріне не нəрседе 
сəйкес келмейтіндігін анықтау, қарым-қатынастың баланың жа-
сына сай дамуын реттеу, эмоциялық жағымды негіз қалыптастыру. 
Дəл осы жайт каузалды емдеудің, яғни психикалық дамудағы 
ауытқуларды емдеудің мəні, мінез-құлықты түзетудің негізі бола-
ды. Егер педагог бала қарым-қатынасының күрделі табиғатының 
мəнін, оның көп түрлілігін түсіне алса ғана жағымды эффект туа-
ды. Мəселен, қарым-қатынастың аса маңызды жағы – ересектен 
жеткен ақпарат. Оның қаншалықты қызық, жаңа, əрі баланың 
танымдық деңгейіне сай келуі қатынастың дамытушы əсерін 
анықтайды.
Серіктестердің арасындағы өзара қатынастар қарым-
қатынастың маңызды қыры деп саналады. Бала мен педагог


104
бір-біріне қызықты əрі тең құқылы серіктес болуы мүмкін. Кей-
де, ересек кішкентай серіктесінің бастамасына қысым көрсетіп, 
қарым-қатынаста бұйрықшылдық байқатуы немесе бала қарым-
қатынас қалпы мен мазмұнын ұйғарып, педагогқа бағынышты 
рөлді жүктеуі əбден мүмкін. Барлық аталған жағдайда бір ғана 
ақпарат əртүрлі меңгеріліп, оның тəрбиелік мəні əрқилы болады. 
Қарым-қатынасты жүзеге асыру құралдары, коммуникативті 
іс-əрекеттің эмоциялы жəне интеллектілі компоненттерінің ди-
намикасы, коммуникативті қатынастардың тереңдігі мен кеңдігі 
тұрғысында оның сипаттауға болатын басқа да маңыздылығы 
еш кем түспейтін күрделі қырлары да бар. Сондықтан, қарым-
қатынасты реттеу қажеттігі туындағанда, оның барлық 
аспектілерін тұтастыққа сəйкестендіру, үйлестіру, біріктіру жəне 
баланың қалыптасу барысындағы тұлғасының алдында туындаған
өмірлік міндеттерді шешу қызметіне лйықты болу талабын шешуі 
тиіс.
Мектеп жасына дейінгі зерттеулерге сəйкес балалардың ере-
сектермен (педагогтармен жəне ата-аналармен) қарым-қатынасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет